jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматыда 2 бала терезеден құлап кеткен

22 мамыр, 14:34
18

Алматыда 2 бала терезеден құлап кеткен

Алматыда жыл басынан бері 2 бала терезеден құлаған. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, полковник Тұрысбек Сартаев айтты.

«Жыл сайын жаз маусымында статистика қайғылы оқиғамен басталады. Себебі, балалар биік қабаттардағы ашық тұрған терезеден құлап кетеді. Наурыз айынан бастап Алматы қаласында 112 желісі бойынша осындай 2 оқиға тіркелді, бір бала оқиға орнында мерт болды. Жұмалиев көшесінде орналасқан 5 қабатты үйдің 4-қабатының терезесінен 3 жастағы ұл бала құлап кеткен. Ол кезде ата-анасы үйде болған. Ауыр жарақат алған бала шұғыл көмек көрсету орталығына жеткізілді. Дәрігерлердің көмегінің арқасында 10 күннен соң бала жазылып, ауруханадан шықты», — деді Тұрысбек Сартаев.

Ал Жасқанат шағынауданында 9 қабатты үйдің 6-қабатынан құлаған бала оқиға орнында көз жұмды. «22 наурыз мереке күні Түрксіб ауданы Жас Қанат ықшам ауданындағы 9 қабатты үйдің 6-қабатынан үлкендердің қарауынсыз ас үйде ойнап отырған қыз бала терезеден құлап түсті. 18 маусымда 4 жасқа толар еді. Бала жедел медициналық жәрдем келгенге дейін қайтыс болды»,- деді полковник. ТЖД өкілі айналаға қызығушылығы басым 5 жасқа дейінгі балалардың жиі құлайтынын айтты.

Осы жағдайларға байланысты Алматы ТЖД ата-аналар мынадай ережелерді есте сақтауы керектігін айтады:

— егер терезе 12,5 см артық ашық болса, балаңыз терезеден құлап кетуі мүмкін;

— терезенің кең ашылуына мүмкіндік бермейтін құлып орнатыңыз;

— балаларға терезеден алыс ойнауды үйретіңіз;

— балаларды үнемі бақылауда ұстау керек;

— терезеге орнатылған москитті торлар балалардың құлауына кедергі бола алмайды;

— терезені ашуға мүмкіндік бермейтін шектеулер қойыңыз.

ҚазАқпарат

18 қыркүйек, 9:13
Асыл тұқым азып барады
11 қыркүйек, 18:39
Көпір қайда, көпір?!
11 қыркүйек, 18:33
Алтынмен арбағандар
11 қыркүйек, 18:28
"Сыбағаның" сыйы
11 қыркүйек, 18:23
Көкшеге көз дәрігері керек
11 қыркүйек, 18:19
Жағдай тұрақталды, бірақ босаңсуға болмайды
11 қыркүйек, 18:16
Себебін айтайын...
11 қыркүйек, 17:36
Жылқы мінезді халықпыз
Серіктестер жаңалықтары