jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Әйелін ұрып, шашынан сүйреді (видео)

21 мамыр 2020, 0:31
1612

Әйелін ұрып, шашынан сүйреді (видео)

Шымкентте көше бойымен әйелінің шашынан сүйреп, оған қорлық көрсеткен ер азамат түсірілген видео желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

Бұл видеоны шымкенттік заңгер Айла Жұмалиева өзінің Facebook-тегі парақшасына жүктеген.

Сөзінше, кінәсі видеода анық көрінгенімен ер азамат әлі жазаланбаған.

«Егер полицейлер айғақтар бола тұра қылмыстық іс қозғамаса, айтарға сөзім жоқ. Халық бекерден-бекер тәртіп сақшыларын жақтырмайды ғой. Заң бәріне бірдей емес пе? Жолда көк ала қойдай қылып сабайтын болса, ондай күйеудің не керегі бар», — деп ашынды жазба авторы.

Бұл оқиға жайлы Шымкент қалалық ПД өкілдері пікір білдірді.

«Аталған жағдайға қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. 18 мамыр күні жәбірленуші сот сараптамасынан өтті. Қазіргі таңда келтірілген зардаптың ауырлығы анықталуда. Дәйектерді негізге ала отырып тергеу жүргізіледі», — деді полицейлер.

Stan.kz

05 наурыз, 14:30
Сенімді серіктестік жалғасады
05 наурыз, 14:19
Бақытымды сағынамын...
04 наурыз, 16:13
Халықтың жадында сақталуы тиіс
02 наурыз, 12:50
Кітапқұмар мен ойынқұмар
19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші