jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Полиция тұрғындармен болған жанжалға қатысты түсінік берді (видео)

14 мамыр 2020, 12:00
6857

Полиция тұрғындармен болған жанжалға қатысты түсінік берді (видео)

Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақсу ауданы Береке кентінің тұрғындары арасында жанжалдың неден шыққанын түсіндірді.
Павлодар облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған оқиға байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 380-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кететін мәселе, полиция осыған дейін мал ұрлығының алдын алу мақсатында және «Металлогамма», «NewHantamurNC» ЖШС-нан «микросфера» күл-қоқыс шикізатын жаппай ұрлау әрекетіне байланысты Ақсу өңіріндегі Ақжол және Береке ауылдарына мобильдік бекет қойған. Ол елді мекеннен 15 шақырым қашықтықта орналасқан, яғни адамдардың еркін жүріп-тұруына еш кедергі келтірмейді.

Сондай-ақ мобильдік бекет қойылғалы аумақта мал ұрлығы 35%-ға азайған. «Қалқаман ауылының жанында орналасқан мобильдік бекетке ауыл тұрғындары тиісті құжаттарсыз «микросфера» күл-қоқыс шикізаты тасымалданып жатқаны туралы хабар берген. Ал 2020 жылдың 13 мамыры күні сағат 17:30-да мобильдік бекетке Береке кентінің 30 шақты тұрғыны автомашиналармен келіп, күш қолданамыз деп қорқытып, полиция қызметкерлерінің мүлкін зақымдап, олардың оқиға орнынан кетуін талап еткен.

Қалыптасқан жанжалды жою, сондай-ақ оның ушығуына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері арнайы құралдарды қолданып, бос патронмен ескерту оғын ату арқылы осы ауыл тұрғындарының іс-әрекетін тоқтатты»,-делінген полиция мәліметінде. Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттен кейін қалыптасқан мәселе шешіліп, ауыл тұрғындары үлеріне тарасты.

«Арнайы құралдары қолдану фактісі бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Соның барысында полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Видеода ролик авторы ауыл тұрғындарының полицияға қоқан-лоқы жасау әрекеттері бар жерлерді видеодан алып тастаған. Полиция ауыл тұрғындарының заңсыз әрекетін түсіндірген».

 

 inform.kz 

05 наурыз, 14:30
Сенімді серіктестік жалғасады
05 наурыз, 14:19
Бақытымды сағынамын...
04 наурыз, 16:13
Халықтың жадында сақталуы тиіс
02 наурыз, 12:50
Кітапқұмар мен ойынқұмар
19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші