jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қасқасу өзені арнасынан асып, 4 көпірді су шайып кетті (видео)

13 мамыр 2020, 21:57
1195

Қасқасу өзені арнасынан асып, 4 көпірді су шайып кетті (видео)

Түркістан облысы Төлеби ауданында Қасқасу өзені арнасынан асып, ауыл арасындағы көпірлерді су шайып кетті. Қасқасу ауылындағы малдар суға кетіп, тұрғын үйлердің ауласын су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, табиғи апат бүгін сағат 16:30 шамасында орын алған. Қатты жауған нөсер жауын салдарынан өзендегі су деңгейі көтеріліп, жан-жаққа жайылған.

«Қасқасу өзені тасып, ауыл ішіндегі 4 көпірді шайған. 4 тана және 4 қой суға кетті. Екпінді ауылындағы 4 үйдің ауласына су кірді. Оқиға орнына ТЖД 36 жеке құрам, 5 матопомпа 3 дана техника жұмылдырылды. Өзеннің төменгі ағысында Тасарық, Қазақстан, Көксәйек, Зертас елдімекендері орналасқан. Қазіргі таңда бұл ауылдарда су тасу қауіпі және нөсер жауын жоқ» делінген хабарламада. Ал, аудан әкімдігі тарапынан құрылған жедел жұмыс тобы судан келген қауіптің алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыруда. «Оқиға орнына аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің бастамасымен құрылған жұмыс тобы барып, жағдай барысымен танысты. Қасқасу ауылының тұрғындар үшін жанама көпір арқылы өту жолдары қарастырылды. Қазірден бастап көпірлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды» делінген хабарламада.

Қасқасу өзені арнасынан асып, 4 көпірді су шайып кетті (видео)

 

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...