jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Боди-массажға барған полицей қызметінен қуылды (видео)

11 мамыр 2020, 22:54
1000

Боди-массажға барған полицей қызметінен қуылды (видео)

Алматы қалалақ полиция департаментінің қызметкері құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды.

Әлеуметтік желіде Алматы қалалық полиция департаменті қызметкеріне қатысты видео пайда болды. Онда кадрдан тыс сөйлеген бойжеткен «ер адамды өкілеттігін асыра пайдаланды» деп айыптайды. Сондай-ақ, тағы екі ер адам оның боди массажға келгенін, содан кейін интим қызмет талап етіп, қызды зорламақшы болғанын айтады. Полиция қызметкері бәрін жоққа шығарады. Роликтің соңында жанжал басталады. Ақыры полицейдің қызметтік куәлігін видеоға түсіреді.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған оқиғаға қатысты департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізген.

«Бүгін тәртіптік комиссияның шешімімен құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін, «ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» талаптарын сақтамағаны үшін, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР заңының талаптарын бұзғаны үшін Алматы қаласы ПД патрульдік полк қызметкері ішкі істер органдарынан босатылды», — деп хабарлады полициядан.

ҚазАқпарат

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...