jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Су басқан ауылдардың әуеден түсірілген видеосы жарияланды

02 мамыр 2020, 11:45
2965

Өзекстанда су бөгеті жарылғаннан кейін Түркістан облысы Мақтарал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Су басқан ауылдардың әуеден түсірілген видеосы жарияланды.

Өзбекстанда 1 мамыр күні болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылды.

Көрші елдегі бөгеттің бұзылуынан туындаған зардаптарға байланысты, Қазақстан Мақтарал ауданындағы елді мекендерінің тұрғындары қауіпсіз жаққа көшіріліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.

«Жағдай бақылауда, әуеден тексеріс жүргіздік. Су одан әрі кетпесе, эвакуациялауды жалғастырудың мәні жоқ. Ал су ағыны күшейсе, онда барлық адамды, малды өзіміз шығарып, мүлікті қорғауға тырысамыз. Ол үшін жақын маңдағы Сарыағаш, Келес, Шардара және Жетісай аудандарынан күштер жұмылды. Әр аудан жеке елді мекенмен айналысады. Барлық әкімге тізім жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және команда берілген жағдайда тұрғындарды жаппай көшіруге дайындауға тапсырма берілді. Ең бастысы — сабыр сақтау. Жағдай күрделі, бірақ біз оны бақылауда ұстаймыз», — деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...