jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Мақтаралға тасқын сумен өзбекстандық бір адам ағып келген

02 мамыр 2020, 19:17
5779

Мақтаралға тасқын сумен өзбекстандық бір адам ағып келген

Өзбекстанның бір азаматы су тасқыны кезінде каналдағы сумен Мақтаралға ағып келген. Бұл туралы Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов кезекті брифинг барысында мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, өзбекстандық кеше түнде канал жағасынан табылған. Белгілі болғандай, ол өзінің атымен бірге суға ағып кеткен. Сол судың ағысымен ол Мақтарал ауданының Жеңісті ауылына жеткенде, тұрғындар оны байқап қалған. Сөйтіп оны жабылып жүріп судан шығарып алған.

«50 жастағы ер адам Мақтарал аудандық ауруханасына жатқызылды. Суға батқан адамға «жеңіл түрі» деген диагноз қойылған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген, жағдайы қанағаттандырарлық. Бүгін түсте ол жағдайы жақсарған соң, ауруханадан шығып кеткен. Ол Өзбекстанға кері қайтамын деп түсіндірді», — деді Марат Пашимов.

ҚазАқпарат

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...