jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қарияларды мерт қылған қанішерлер кімдер? (видео)

30 сәуiр 2020, 20:49
4626

Қарияларды мерт қылған қанішерлер кімдер? (видео)

Көкшетауда жантүршігерлік оқиға болды. 87 және 78 жастағы ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өз пәтерінде айуандықпен өлтіріп кетті. Түн ішінде терезеден түскен қаскөйлер қауқарсыз жандардың аяқ-қолын кесіп қинап, малша бауыздап тастапты. Есігі ішінен құлыптаулы болғандықтан, қанды оқиға тек екінші күні – қызы келгенде белгілі болды. Әзірге қанды қол қарақшылар ұсталған жоқ.

Он баланың ата-анасы, тыл ардагері Әкімбек пен Құралай Бейсембаевтар екі жыл бұрын бес қабатты жаңа үйде қоныс тойын тойлаған. Балалары әке-шешесіне бір бөлмелі пәтер сатып әперіп, құрмет көрсетсе керек. Өздері үнемі келіп-кетіп көмектесіп жүрген. Карантиндік шектеулерге байланысты соңғы кездері ғана қатынас сирепті.

Таңертең ерте ата-анасын іздеп келген қыздары Ләззат сұмдық көріністің үстінен түскен. Қанжоса болып жатқан қарияларды көріп есінен танған оның өзіне көршілері жедел жәрдем шақырған. Екі бірдей адамның кісі қолынан мерт болғаны жайлы хабар жеткен соң, полиция генералымен қоса, тайлы-тұяғымен келді дейді балалары. Олардың айтуынша, бұл үйге қаскөйлер осыдан бір апта бұрын көз тіккен. Біреулер түн ішінде терезені сындырып пәтерге түспек болыпты. «Сонда полиция бұл іске немқұрайлы қарады», — дейді марқұмның балалары.

Кәкім Бейсембаев, қаза тапқан ерлі-зайыптылардың ұлы:

— Әке-шешем атып тұрып, бақырып шулаған соң, аналар қашып кетіпті. Жедел топ келді, саусақ іздерін алды. Сонымен «аллау акбар». Бір жұмада ешқандай жағдай жасаған жоқ. Қол-аяқтарын кескен, бауыздаған. Масқара! Істемегенді істеген, қорлаған. ІІМ-не, Президентке, Бас прокуратураға дейін – бәріне жазамын.

Балаларының айтуынша, пәтер тоналғанға ұқсайды. Астаң-кестеңі шыққан үйден аналарының алтын бұйымдарын таба алмапты. Полиция қаскөйлерді іздеп жатыр.

Әсем Әбдірахманова, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі:

— Кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Әзірге тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Иә, 25 сәуір күні терезе арқылы біреулердің кірмек болғаны жайында полицияға мәлім. Ол кезде де ұрлық бойынша тергеу амалдары болған. Өкінішке қарай, күдіктілер табылмады.

Өмір бойы бел жазбай еңбек етіп, 10 баласын қатарға қосқан қадірді қарттардың ащы өлімін естіген жұрт шошып қалған. Ал қандықол қылмыскерлер әзірге бостандықта жүр.

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...