jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Вирус жұқтырған жезөкшелер жұмыс істеп келген (видео)

23 сәуiр 2020, 21:54
3174

#үйдеотыр

Вирус жұқтырған жезөкшелер жұмыс істеп келген (видео)

Ақтауда тәртіп сақшылары коронавирус жұқтырған жезөкшелер туралы ақпаратты жасырып қалыпты. Соның кесірінен бірнеше адам індетке шалдыққан. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Арасында жеңіл жүрісті қыздармен көңіл көтерген өзге аймақтың тұрғыны да бар. Өзбекстаннан келген қос бойжеткен Ақтаудың қақ ортасындағы үйде тұрыпты. Қазір олар жалдаған пәтерді вирусқа қарсы залалсыздандырып, құлыптап қойды.

Карантин кезінде жезөкшелер клиент қабылдап, сауық-сайран салып жүрген. Ең сорақысы, олардың бұл қылығы туралы және індетке шалдыққанын полиция департаменті өкілдері білген. Олар «басымыз бәлеге қалады» деп әдейі үндемепті. Қазір жезөкшелермен қатынаста болған 87 адам анықталып, оқшауланған.

Олардың арасында алты полиция қызметкерінен бастап, шетел азаматтарына дейін бар. Жеңіл жүрісті қыздардың кесірінен бір азамат вирусты өзінің келіншегі мен бала-шағасына да жұқтырған. Жезөкшелерді жинап, оларды қорғауына алған маңғыстаулық полиция департаментінің лауазымды тұлғаларына қылмыстық іс қозғалды.

Әли Абдулов, Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің тергеушісі:

— Карантинге қарамастан, полиция қызметкерлері жезөкшелікті болдырмаудың алдын алмай және де оларға қылмыстық әрекеттерін қорғауды жалғастыра отырып, оларға мәлім болған коронавирус инфекциясын жұқтырған тұлғаны жезөкшелікпен айналысқан шетел азаматтарымен тікелей байланыс фактісін жасырған.

 

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...