jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Әскери қызметкердің құлағын тістеп алды (видео)

21 сәуiр 2020, 13:09
592

#үйдеотыр

Әскери қызметкердің құлағын тістеп алды (видео)

Нұр-Сұлтанда ер адам полицей мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерінің құлағын тістеп алды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Полицейлердің мәліметінше, мобильді патруль қала көшелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Момышұлы даңғылында патрульдік көлік карантин ережесін бұзған және полицейлерге ескерту жасаған ер адамды байқаған.

«Тәртіп сақшылары ер адамға карантин ережесін бұзбай, үйге баруын сұраған. Алайда ер адам өзін агрессив ұстаған. Патрульдік көліктегі қызметкерлерге шабуылдап, аяғымен ұрып-соғып, әскери қызметкердің құлағы мен қолын тістеп алған», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

37 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...