jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Полицейді баспен ұрды (видео)

18 сәуiр 2020, 17:26
581

#үйдеотыр

Полицейді баспен ұрды (видео)

Елордада ТЖ жағдайында полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен тұрғын ұсталды. Бұл туралы қалалық департаментке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Полиция департаменті соңғы кездері полицейлерге қол көтеру оқиғаларының жиілеп кеткенін хабарлайды. 17 сәуірде 30 жастағы ер адам карантин режимін бұзып, мектеп аумағындағы спорттық алаңда жаттыққан. Полицияның алаңнан кету туралы талабын елемей, қызметкерлерді баспен соққан», — делінген департаменттің хабарламасында.

Заңбұзушы «Алматы» аудандық полиция басқармасына жеткізілген және ҚР Қылмыстық Кодексінің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапта 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

«Ер адам Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлеріне жәбір көрсету, зорлық-зомбылық фактілері бойынша қылмыстық істе тараптардың мәмілеге келуі практикасы алынып тасталғанын еске саламыз», — дейді департамент.

Полиция департаменті азаматтарға карантин режимін қатаң ұстануды және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына түсіністікпен қарауды сұрайды.

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...