jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Той кортежінен кейін криминалдық полиция басшысы қызметінен шеттетілді (видео)

17 сәуiр 2020, 20:33
2915

Той кортежінен кейін криминалдық полиция басшысы қызметінен шеттетілді (видео)

Алматыда қымбат көліктермен кортеж ұйымдастырғандар жазаланды.

Бұл видео интернет желіде жарияланған болатын. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған деректі тексере келе карантин режимін және жол ережесін бұзу әрекеті бойынша екі құқықбұзушылықты тіркеді. Кортеж қатысушыларының барлығы ұсталды.

25 жастағы «Бентли» көлігінің жүргізушісі Жанұзақовты Е.Т Алматы ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘқбК 476-бабымен айыпты деп танып, 15 тәулікке қамау жөнінде шешім қабылдады.

Той кортежінен кейін криминалдық полиция басшысы қызметінен шеттетілді (видео)

30 жастағы «Бентли» көлігінің жолаушысы Асылбеков Ш.А ҚР ӘқбК 476-бабымен айыпты деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 27 жастағы «Кадиллак» жүргізушісі Жұмағұлов С.Д ҚР ӘқбК 476-бабы, ҚР ӘқбК 596-бабының 3-бөлімі бойынша ҚР ӘқбК 590-бабының 3-бөлімі негізінде айыпты деп танылып, 14 тәулікке қамалды.

«Кадиллак» жолаушысы 30 жастағы Канаев Е.Н ҚР ӘқбК 476-бабымен әкімшілік жазаға тартылып, 15 тәулікке қамалды. «Мерседес» жүргізушісі 40 жастағы Артықбаев М.М ҚР ӘқбК 476-бабы, ҚР ӘқбК 596-бабының 3-бөлімі, ҚР ӘқбК 590-бабының 4-бөлімі бойынша айыпты деп танылып 10 тәулікке қамалды.

«Тағы екі тұлғаның кім екендігі анықталды. Ол іздестіріліп жатыр. Көліктердің барлығы айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар, ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы бұл кортеждің блокпост арқылы емін-еркін өтуіне байланысты тексеру жүргізбек. Ал отырысқа қатысқан қалалық ПД Криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин қызметтік тексеру аяқталғанша қызметінен шеттетілді. Бұл құқықбұзушылыққа қатысты құқықтық баға берілетін болады», — деді қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...