jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жалған анықтаманы 5 мың теңгеге сатқысы келді (видео)

16 сәуiр 2020, 20:50
150

#үйдеотыр

Жалған анықтаманы 5 мың теңгеге сатқысы келді (видео)

Қарағандыда карантин кезінде жүріп-тұруға рұқсат беретін жалған анықтама жасады деген күдікпен бір адам ұсталды. Қала тұрғыны аз уақыттың ішінде осындай анықтамалардың 50 данасын сатып үлгеріпті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

39 жастағы азамат өзі қолдан әзірлеген әр анықтаманы 5 мың теңгеден саудалаған. Кезекті келісім үстінде қолға түскен ол осындайдың 50 шақтысын сатқанын айтады. Алайда онысы бұдан да көп болуы мүмкін. Себебі, қазір үйінде қамалып қалған қарашаға мұндай анықтамалар ауадай қажет екені айтпаса да түсінікті дейді тәртіп сақшылары. Жолдағы тексеріс кезінде күдік тудырған анықтаманы зерделей келе, полиция осы жігіттің ізіне түскен. Енді қарбаласта қалтасын қампайтпақ болған азамат екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңатай Сембеков, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:

— Карантин кезінде жүруге рұқсат беретін жалған анықтама сатқан Қарағанды қаласының тұрғынын полиция қызметкерлері құрықтады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы, 1-ші тармағы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...