jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Димаш кеселге қарсы күреске ән арнады (видео)

16 сәуiр 2020, 10:26
156

#үйдеотыр

https://youtu.be/QysSLI2aHvM

Димаш Құдайберген коронавирус пандемиясына қарсы күреске ән арнады.

Димаштың «We Are One» (Біз біргеміз) атты жаңа әніне түсірілген бейнебаян «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Синьхуа жаңалықтары| Xinhua News» парақшасында жарияланды. Бейнебаянда вирустың алғашқы ошағы – Ухань қаласы – дәрігерлер, волонтерлер, маска таққан адамдар, гуманитарлық көмектің қабылдануы, дүкеннің бос қалған сөрелері көрсетілген. Видео соңында аспандағы бұлт сейіліп, дәрігерлердің қуанышы, маскаларын шешіп тастаған балалардың мәз-мейрам кезі көрсетілген. «Бүкіл әлем коррнавируспен күресіп, басынан қиын күндерді өткізіп жатыр. Аты жаман ауруға қарсы күш біріктіріп, бір-бірімізге қол ұшын созғанда ғана COVID-19-ды жеңе аламыз. Бұл ән алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер мен оқшауланып отырғандарға арналады», — делінген бейнебаян сипаттамасында.

«We Are One» — әнінің сөзін Gao Shang/Shang Yang, ал әуенін Dong Nan/Tang Yi жазған. Димаш жаңа әні туралы өзінің Instagram-парақшасына әлі жарияламаса да, оның өнерін бағалаушылар бейнебаянды талқылап жатыр. «Бұл ән қайғы, қиындық, сонымен қатар бір-бірімізге қол ұшын созған жағдайда қиындықты еңсеретінімізге сену туралы. Бастысы – оны жеңетінімізге сенім мен үмітті жоғалтпау…», — деп жазды «ВКонтакте» қолданушысы Полина Полинская Димаштың еуразиялық фан-клубының парақшасына.

ҚазАқпарат

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...