jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Блок-бекетте ақша «жасап» жүрген шенеуніктер (видео)

16 сәуiр 2020, 20:40
1846

#үйдеотыр

Блок-бекетте ақша "жасап" жүрген шенеуніктер (видео)

Карантин кезінде заңды елемей еш шімірікпестен табыс табуға құныққандардың қатары артқан. Әсіресе блок-бекеттердегі еш кедергісіз көлік қозғалысы үшін пара алған лауазым иелері жауапқа тартылса, сұранысы күрт артқан бетперделерді заңсыз саудалағандар құрықталды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Алматыдағы аудандық әкімдіктің екі бас маманы Төтенше жағдай кезінде блок-бекеттерден көліктердің еш кедергісіз өтуіне тұрақты түрде 280 мың теңге көлемінде пара алған.

Қауіпті кесел дендеп тұрған шақта бетпердеге сұраныс артқаны белгілі. Мұны оң жамбасына келтірмек болған алаяқтар бетперделерді заңсыз сатқан. Алматыда 1жарым миллион бетпердені 174 миллион теңгеге өткізбек болғандар ұсталды. Ал Шымкенттің пысықайлары 26 мыңнан астам бетпердені 4 миллион 845 мың теңгеге саудалаған.

Қуаныш Жапақов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы:

— Төтенше жағдай жарияланған уақыттан бері 251 сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелген. Бетпердені заңсыз саудалағандарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ал тәркіленген бетперделердің барлығы жергілікті атқарушы органдарға берілді.

 

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...