jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жасы 65-тен асқан депутаттар Мәжілістің отырысына қатыспайды

26 наурыз, 12:26
45

Жасы 65-тен асқан депутаттар Мәжілістің отырысына қатыспайды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы жаңа форматта өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Бүгінгі жалпы отырыс біршама өзгерген форматта өтіп жатыр. Біздің кейбір әріптестеріміз қатысып отырған жоқ, алайда алаңдаудың реті жоқ, олардың барлығы аман-есен. Атап айтқанда, кейбір әріптестеріміздің жасы 65-тен асқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына сәйкес, оларға жалпы отырысқа қатыспау туралы кеңес бердік», – деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. Осы орайда ол жиналған депутаттардың саны жалпы отырысты мұндай форматта өткізуге мүмкіндік беретінін жеткізді. «Енді жалпы отырыстарға әрбір заң жобасы бойынша тек депутаттар мен негізгі баяндамашылар қатысады. Бұл өз кезегінде залда отырғандарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының санитарлық нормаларына сай орналастыруға мүмкіндік берді», – деді Нұрлан Нығматулин.

24.kz

20 наурыз, 19:18
Он үштің үндеуі
19 наурыз, 12:36
«Шалғайдағы біздер шұлғауымызға шырмалып жүрміз»
19 наурыз, 12:23
Қазақтың рыцары
13 наурыз, 17:27
Ортақ мүдде болу керек
13 наурыз, 14:22
"Қара дүйсенбі"
13 наурыз, 13:09
Әйтеуір... «келмесе» екен!
13 наурыз, 12:19
Өндірісті ауылда ашу керек
13 наурыз, 11:21
«Алыпсатар, пайданы емес, халықты ойла!»
Серіктестер жаңалықтары