jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Латын Америкасы мен Кариб елдерінен 137 қазақстандық елге оралды

26 наурыз, 13:05
10

Латын Америкасы мен Кариб елдерінен 137 қазақстандық елге оралды

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қазақстанның Мексикадағы елшілігі Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінен отандастарымыздың елге оралуына көмек көрсетті. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Осылайша, 13-25 наурыз аралығында 127 қазақстандық Доминикан Республикасынан, 4-і Мексикадан, 3-і Панамадан және 3-і Коста-Рикадан оралған. «Аталған мемлекеттер халықаралық әуе қатынастарды тоқтату мен шетел азаматтарына халықаралық әуежайлардағы транзиттік аймақтардан шығуға тыйым салуларына байланысты бірқатар қиындықтар орын алған болатын. Осы кедергілерге қарамастан Мехико мен Мәскеудегі біздің дипломаттарымыздың үйлесімді әрекеттерінің арқасында көптеген ҚР азаматтарын Мәскеу арқылы транзитпен Қазақстанға аман-есен жеткізу жұмысы сәтті ұйымдастырылды», — деп хабарлайды Айбек Смадияров. Қайтып оралған азаматтар Мексикадағы Қазақстан елшілігінің қызметкерлеріне олардың мәселелерін және туындаған қиындықтарды шешуде тәулік бойы көмек көрсеткені үшін үлкен алғыс білдіруде.

07 тамыз, 10:30
Жақсылық батырым туралы естелік
07 тамыз, 10:23
Емші мен жапырақ
07 тамыз, 10:14
700 миллионның жолы: шұрық-тесік
07 тамыз, 10:07
Дәрі шөптің қадірін білейік!
07 тамыз, 9:51
Карантиндегі қақпан
07 тамыз, 9:48
«Аурудан ақша сауу» – 2
31 шiлде, 12:38
Кеселге қарсы күрес – көкейкесті міндет
31 шiлде, 12:25
Полиция беделі – қоғам абыройы
Серіктестер жаңалықтары