jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ақшадан коронавирус жұғуы мүмкін бе?

26 наурыз, 12:14
714

Ақшадан коронавирус жұғуы мүмкін бе?

Қазақстан Ұлттық банкі қолма-қол ақша арқылы коронавирус жұқтыру мүмкін бе деген сауалға қатысты жауап берді. 

Олар қолма-қол ақшаны пайдаланудан бас тартуға үндемейтінін айтты. Керісінше, банкнот пен монеталарға қарағанда вирус ұзақ сақталатын адамның қолы, есік тұтқалары, кредиттік карта, ұялы телефон қауіпті екені еске салынды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Қолымызбен ұстайтын басқа да көптеген зат бар. COVID-19 вирусын жұқтырған банкноттардың айналымда болу ықтималдылығы шамалы. Біріншіден, инкассациядан соң банкноттар бірден айналымға жіберілмейді, сақтауда ұзағырақ болады. Ұлттық банктің ішкі ережелеріне сәйкес, екінші деңгейдегі банктерден алынған қолма-қол ақшаны қайта санау 45 күн ішінде және қайта саналған соң бір жыл сақтауға болады. Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта «вирустың банкнот бетіндегі болуы туралы» ақпарат жоқ. Коронавирустың ұзақ сақталуы бірнеше фактордан тұрады, ол ауа температурасы мен ылғалдылыққа, сондай-ақ заттың материалына байланысты, — деді Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.
Ұлттық банк кассирлерден және қолма-қол ақшамен тікелей жұмыс істейтін басқа адамдардан ДДСҰ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің гигиена ережелері мен сақтық шаралары бойынша ұсыныстарын орындауды сұрайды.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдаланған жөн, бірақ ол біздің кеңесіміз, нақты талап емес. Шынында да қолма-қол ақшасыз төлем түрлері байланысты төмендетеді, сондықтан оның коронавирустың таралуын шектеуде өзіндік рөлі бар. Бұл арада ең бастысы — гигиена ережелерін сақтау, — деп сөзін қорытындылады Жомарт Қажымұратов.

20 наурыз, 19:18
Он үштің үндеуі
19 наурыз, 12:36
«Шалғайдағы біздер шұлғауымызға шырмалып жүрміз»
19 наурыз, 12:23
Қазақтың рыцары
13 наурыз, 17:27
Ортақ мүдде болу керек
13 наурыз, 14:22
"Қара дүйсенбі"
13 наурыз, 13:09
Әйтеуір... «келмесе» екен!
13 наурыз, 12:19
Өндірісті ауылда ашу керек
13 наурыз, 11:21
«Алыпсатар, пайданы емес, халықты ойла!»
Серіктестер жаңалықтары