jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Шымкенттегі коронавирус жұқтырған әйел кешегі науқастың анасы болып шықты

25 наурыз, 18:55
627

Шымкенттегі коронавирус жұқтырған әйел кешегі науқастың анасы болып шықты

Бүгін Шымкентте коронавирус жұқтырған адамның жағдайы белгілі болды. coronavirus2020.kz сайтының мәліметі бойынша, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам бар. 1970 жылғы науқастан алынған анализ оң нәтижесін берген. Коронавирус инфекциясы анықталған ошақта кешенді эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылып, қорытынды залалсыздандыру жұмысы толық жүргізілді. Науқастың қазіргі жағдайы бірқалыпты. Коронавирус инфекциясының диагностикасы мен емі бекітілген хаттамаға сәйкес терапия жүргізілуде. Айта кетейік, бүгін диагнозы расталған азаматша — кеше коронавирус анықталған азаматтың туған анасы. Баласымен тұрмыстық тығыз қатынаста болғандықтан, азаматша 24 наурыз күні жұқпалы ауруханалар ауруханасына жатқызылып, оқшауланған. Анализ алынып, 25 наурыз күні оң нәтижесін берген.

coronavirus2020.kz сайтындағы мәлімет бойынша, сағат 19:12 уақыты бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 80 — ге жетіп отыр.

20 наурыз, 19:18
Он үштің үндеуі
19 наурыз, 12:36
«Шалғайдағы біздер шұлғауымызға шырмалып жүрміз»
19 наурыз, 12:23
Қазақтың рыцары
13 наурыз, 17:27
Ортақ мүдде болу керек
13 наурыз, 14:22
"Қара дүйсенбі"
13 наурыз, 13:09
Әйтеуір... «келмесе» екен!
13 наурыз, 12:19
Өндірісті ауылда ашу керек
13 наурыз, 11:21
«Алыпсатар, пайданы емес, халықты ойла!»
Серіктестер жаңалықтары