jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

ЖЕР-ЖИҺАНҒА ЖАРИЯЛАДЫ Қытайда карантин тоқтайды

24 наурыз 2020, 15:36
760

ЖЕР-ЖИҺАНҒА ЖАРИЯЛАДЫ Қытайда карантин тоқтайды

Қытай билігі коронавирус кеселінің таратылуына байланысты елдің Хуби өлкесінде жарияланған карантиннің ертеңнен бастап тоқтатылатынын жариялады. Ал өңір орталығы Ухан қаласында карантин 8 сәуірге дейін жалғасады.

Қазір бүкіл әлемді алаңдатып отырған COVID-19 дерті алғаш рет өткен жылдың желтоқсан айында осы Ухан қаласында тіркелген еді. Осыдан кейін Қытай үкіметі 60 млн адам тұратын осы өлкеде карантин жариялап, кеселге қарсы күрес жүргізді. Деректерге жүгінсек, Хуби өңірінде 67 801 адам кесел жұқтырып, 3 160 тұрғын көз жұмды. Ал ел бойынша, короновирусқа шалдыққандар саны 82 мыңға жуықтап, 3 277 тұрғын мерт болды. Сондай-ақ, 73 мыңнан астам адам аурудан айықты.

Jas qazaq — Analysys

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...