jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Түркістан облысында жоғалған 2 қыз көрші ауылдан табылды

14 ақпан, 18:01
10

Түркістан облысында жоғалған 2 қыз көрші ауылдан табылды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған ағайынды 2 қызды көрші ауылдан тапты.

Түлкібас аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын, жалғызбасты ана арызданады. Ол 13 және 11 жастағы қыздарының сағат күндізгі 12:30-дар шамасында сабаққа шығып кетіп, қайта оралмағынын айтқан. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, тіркелді.

Полиция қызметкерлері тез арада іске кірісті. Көрген-білгендер куәгерлерден сұрастырды. Жақын аймақтарды мұқият қарап шықты, деп хабарлады Polisia.kz.

Жедел-іздестіру жұмыстарына мектеп мұғалімдері мен еріктілерде тартылды. Жан-жақты, күні-түні іздестіру жұмыстары нәтижесінде тәртіп сақшылары кәмелет жасына толмаған қыздарды 25-30 шақырым қашықтықта орналасқан көрші ауылдың көшелерінің бірінде жүрген жерінен тауып, анасына аман-есен қайтарды.

Тергеу барысында 13 және 11 жастағы ағайынды қыздардың осыдан бір жыл алдын көшіп кеткен ауылындағы үйлеріне жаяу жетіп, сондағы достарына барғаны, анасының азық-түлік ала кел деп берген қаржысын жаратып, ойын қуып жүргендері белгілі болды.

Жалғызбасты ана полицейлерге шынайы ризашылығын білдірді.

«Сабақтан кейін келмегесін қыздарымды қатты уайымдап, полицейлерден көмек сұрадым. Ал полицейлер оларды дін-аман күйінде тауып, әкелді. Рахмет. Ең бастысы аманшылық болсын!», — деп ол алғысын айтты.

21 ақпан, 13:41
Айзат Қадырәлиева: Тулақтан тұлпар шығарғыcы келеді
21 ақпан, 13:31
Әуелі іс, сөз содан кейін
21 ақпан, 13:24
Өз тілінде сөйлемейтін қазақты көргенде жабырқап қаламын!
21 ақпан, 12:11
Пияздан басқа дәнеңе де жоқ
20 ақпан, 15:28
Ұстаздар 300 000 000 теңге еңбекақыдан қағылды
14 ақпан, 16:11
Кезексіз микрофон, редактурасыз ұран
14 ақпан, 16:10
Әрбір минутын зерттеуіміз керек
14 ақпан, 16:08
Қазақ болайық!
Серіктестер жаңалықтары