jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ресейдің Есіл қаласында Абай атындағы қазақ тілі сыныбы ашылады

14 ақпан, 16:48
24

Ресейдің Есіл қаласында Абай атындағы қазақ тілі сыныбы ашылады

Қазақтың ұлы ақыны әрі ағартушысы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай 21 ақпанда Түмен облысының Есіл қаласында қазақ тілін оқытатын сынып ашылады. Сыныпқа Абай есімі берілмек. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Ресейде, әсіресе Түмен облысында тұрып жатқан қазақтар үшін Абай шығармалары мен мұрасы өте маңызды. Түмендік жастар үлкендерге, еңбекке құрмет көрсету, отбасы мен дәстүрге қамқорлықпен қарау бағытында тәлім-тәрбие алып жатыр. Бұған қоса, Абайдың ұлы – Әддірахманның 1886-1889 жылдары Түмендегі Александровск училищесінде білім алуының да біздер үшін маңызы өте жоғары. Ол Түменге 18 жасында келген. Тіпті Абайдың өзі де қаламызға, баласына келіп-кетуі мүмкін. Қазір мұрағат материалдарын зерделеп жатырмыз», — деді Ресейдің Түмен облыстық қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Есенғали Ибраев. Оның атап өтуінше, биыл Түмен облыстық қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы өткізетін барлық ірі шаралар Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналатын болады. «Түмен облысында Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында қазақ мәдени күндері, Түмен облысы қазақтарының құрылтайы, қазақ шығармашылығына арналған «Жас ұрпақ» ІІ облыстық балалар фестиваль-конкурсы өткізіледі. Сонымен қатар ұлы ақынның шығармалары мен мұрасын насихаттауға арналған «Абай оқулары» ұйымдастырылады. Ал 2020 жылдың 21 ақпанында, Халықаралық ана тілі күнінде Абайдың 175 жылдық мерейтойының құрметіне орай Түмен облысының Есіл қаласында қазақ тілін оқытатын сынып ашуды жоспарлап отырмыз. Сынып қазақтың ұлы ақыны әрі ағартушысы Абай есімімен аталатын болады», — деді Е. Ибраев. Ол Түмен облыстық қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы өңірде бұған дейін де оқушылар мен жастарға ана тілдерін оқытатын сыныптарды ұйымдастырғандығын айтты. «Бұл Түмен облысында ашылған төртінші сынып болмақ. Сыныптар Түмен облыстық қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы бастамасымен және Түмен облыстық үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен құрылып жатыр. Алдағы міндет — балаларды ана тілдерінде сөйлеуге және жазуға ғана үйретіп қоймай, туған халқының, оның ұлы тұлғаларының тарихымен таныстыру», — деді Е.Ибраев.

06 шiлде, 11:22
Тағдыры талқан болғандар...
06 шiлде, 10:46
Ұйымдастыру жағы ақсап тұр
26 маусым, 11:43
Фейкпен күн көретін сайттар бар
26 маусым, 11:39
Қазақ басылымдары қайтсе көгереді?
26 маусым, 11:35
Сотқардың сазайын берген балуан
26 маусым, 11:29
Ұпайды бейнетсіз табу
26 маусым, 11:17
Жекеменшік БАҚ-қа қамқорлық қажет
26 маусым, 11:07
Түрікті танымал еткен «Байрактар»
Серіктестер жаңалықтары