jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Оралда оқушы қызға тиіскен ер адам ұсталды

14 ақпан, 13:35
604

Оралда оқушы қызға тиіскен ер адам ұсталды

Оралда оқушыға шабуыл жасаған ер адам ұсталды. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 13 ақпан күні «Жеңіс» шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде болды. «Белгісіз ер адам сағат 14.15 шамасында 16 жастағы оқушы қыздың соңынан еріп келіп, кіреберісте бұзақылық әрекеттер жасаған», — делінген ПД ақпаратында. Үйдің кіреберісінде қыз баланың жылап отырғанын түскі астан келе жатқан полиция қызметкері байқап, мән-жайды білген.

БҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция батальоны бастығының міндетін атқарушы, аға лейтенант Артур Құдысов одан күдіктінің түр-сипатын сұрастырып, оны бірден іздеуге кіріскен. Солайша, күдіктіні Д.Қонаев атындағы шағынаудандағы «Жеңіс» дүкені жанынан қолға түсірді. «Күдікті «ізі суымай» ұсталып, оқиға орнына жеткен шұғыл-тергеу тобына тапсырылды. Ол Орал қаласының 1967 жылғы тұрғыны болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — деді ведомстводан.

ҚазАқпарат

06 шiлде, 11:22
Тағдыры талқан болғандар...
06 шiлде, 10:46
Ұйымдастыру жағы ақсап тұр
26 маусым, 11:43
Фейкпен күн көретін сайттар бар
26 маусым, 11:39
Қазақ басылымдары қайтсе көгереді?
26 маусым, 11:35
Сотқардың сазайын берген балуан
26 маусым, 11:29
Ұпайды бейнетсіз табу
26 маусым, 11:17
Жекеменшік БАҚ-қа қамқорлық қажет
26 маусым, 11:07
Түрікті танымал еткен «Байрактар»
Серіктестер жаңалықтары