jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Конкурстар» тоқтады ма?

14 ақпан, 16:40
54

«Конкурстар» тоқтады ма?

Бала кезімде жақын досымның әкесі құмар ойынға үйір еді. Бірде ұтады, бірде ұтылады. Ақыры соңында араққа салынып, үйін сатып тынғаны әлі есімде. Бірде сол кісі маған «Ұтсаң ұзаққа баруға тырысасың, ұтылсаң ұтқың келе береді», — деген.
Лотореялар туралы заңға өзгерту енгізілді. Ұлттық лоторея операторынан лицензия алмай, ұтыс ойнатуға заңмен шектеу қойылды. Бұған да бір аптаның жүзі өтті. Десе де, мәселе шешімін таппай тұр. Инстаграмм әлеуметтік желісінде кітап, көлік, тұрмыстық заттармен қоса, пәтер де ұтысқа салынып жатыр.
Бүркіт атымен таныс белгілі әнші Айбек: «Халыққа барынша жақсылық жасауға тырысып жатырмыз. Осы жолы бес адам автокөлік иесі, Нұр-Сұлтан қаласында бес пәтердің иесі болады. Бұл жаман ба? Әрине, жақсы. Қазірдің өзінде үкіметте пәтерді әшейін беріп жатқан жоқ қой. Ал бізде 10 мың теңгені тігеді де, бір пәтер ұта салады. Бұл лотореяда барлығы бақытты болады», – дейді. Мұндай пікірді ұстанған танымал өнер адамдарының қарасы қалың. Лоторея операторы емес, жай адам заң бұзса, бірінші рет ескерту жасалады. Бір жыл ішінде осындай жағдай қайталанса, айыппұл салынады немесе басқа шара қолданылады. Айыппұл көлемі жеке тұлғаларға 200 АЕК-тен жоғары. Ал шағын бизнес пен коммерциялық емес ұйым үшін – 700 АЕК. Орта бизнес үшін – 1000 АЕК. Ірі бизнеске 1000 АЕК көлемінде салыну мүмкін. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты. Алайда айыппұлдан қорыққан өнер адамдарын көрген жоқпыз.

Дін исламда құмар ойыны арам деп айтылады. Құмар ойынды харам етуде көптеген хикметтер бар. Солардың арасында бір-екеуіне көзге жүгіртсек:

  1.  Мұсылманның өмірі мен табысы кездейсоқ бақытқа емес, маңдайының тері арқылы болу керек.
  2.  Өзгенің мал мүлкі, дүниесі харам. Оны алудың жолы ауыстыру не сыйлық т.б. әртүрлі адал жолдармен болу керек. Ал құмар ойын әділетсіз жол.
  3.  Жоғалтқан адам ұтқан адамды іштей қызғанып, көре алмайтыны анық.

Ислам ғалымдары еңбексіз келетін табыстың негізгі түрлерінің бірі ретінде құмар ойындарын атайды. Сахаба Абдулла ибн Омар: «Құмар ойын – еңбексіз, оңай табыспен келеді», – дейді. Ал ибн Мәйсара «Еңбексіз, жеңіл жолмен келетін көлденең табыстың бәрі құмар ойын», – деп бағалаған. Құмар ойынның бұл түрін дін де, заң да мақұлдамайды екен.

Ізбасар Бекболат,

студент

06 шiлде, 11:22
Тағдыры талқан болғандар...
06 шiлде, 10:46
Ұйымдастыру жағы ақсап тұр
26 маусым, 11:43
Фейкпен күн көретін сайттар бар
26 маусым, 11:39
Қазақ басылымдары қайтсе көгереді?
26 маусым, 11:35
Сотқардың сазайын берген балуан
26 маусым, 11:29
Ұпайды бейнетсіз табу
26 маусым, 11:17
Жекеменшік БАҚ-қа қамқорлық қажет
26 маусым, 11:07
Түрікті танымал еткен «Байрактар»
Серіктестер жаңалықтары