jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Сапасыз үйдің сауалы көп

17 қантар, 13:39
201

Сапасыз үйдің сауалы көп

Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный Яр ауылдық округіне қарасты Нұрлы көш ауылы тұрғындарының мұң-мұқтажын көзбен көріп, құлағымызбен есту үшін бір топ сенатор былтыр 14 қарашада арнайы іс-сапармен барып қайттық. Көргеніміздей, үкімет 2009 жылы «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру мақсатында тұрғын үй салу үшін республикалық бюджеттен 1 млрд 200 млн теңге, яғни әрбір екі пәтерлі үйге сол кездегі доллар бағамымен 59 мың доллар бөліп, осы қаражатқа 2010 жылы Красный Яр ауылдық округінде 276 отбасы үшін 138 екі пәтерлі тұрғын үй салып, шетелдерден көшіп келген қандастарымызға пайдалануға берілген.

Алайда үйлердің қабырғасы қомақты қаржы бөліне тұра солтүстіктің 40 градус аязына мүлдем шыдас бермейтін гипсокартон, пеноплекс, панельден, пескоблоктан салынған. Барлық үйде дерлік іргетас жоқ. Едені ажырап кеткен. Қабырғасы өте жұқа, арасы қуыс. Тұрғындар қыста тоңып, үйде тұру мүмкіндігі болмағандықтан, туыстарының үйінде тұруға мәжбүр. Көбі әртүрлі аурумен ауырады. Үйлерді қалпына келтіру үшін тұрғындар өз қаражатынан жылда жөндеу жұмысын жүргізеді екен. Соңғы уақытта кейбір үйлердің төбесі құлап, жөндеу жұмысын жасауға мүмкіндіктерінің жоқтығы анықталды. Үйлердің көбі апаттық жағдайда.
Бастапқыда 276 отбасы «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен әр айға 7 мың теңге жалға алу қаражатын төлейтін болып келісімшартқа отырған. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы банкрот болып, тарап кеткен соң бұл бағдарлама бойынша жұмысты «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жалғастырған болатын. 2011 жылы Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысымен 138 екі пәтерлі тұрғын үй жер учаскелерімен қаланың коммуналдық меншігіне берілгендігі және «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім» мекемесінің балансына бекітіліп, мекеме тұрғындармен жалға алу келісімшартына отырғаны белгілі болды.
Кешендегі тұрғын үйдің орташа құны 3 миллион 200 мың теңге болып есептелген. Жергілікті әкімшілік пен тұрғындарының арасында тұрғын үйді сатып алу шарты ретінде, банктен несие алып, ай сайын 25 мың теңге көлемінде несие төлеп және 7 мың теңге жалға алу қаражатын төлеп тұру келісімі де жасалған. Бірақ тұрғындардың көпшілігі үйлерінің апаттық жағдайда болуына байланысты және әлеуметтік жағынан әлсіз топтар қатарына жатқандықтан, төлемнен бас тартқан. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамның мәліметіне сәйкес осы кезде тұрғындардың берешегі 32 млн теңгеге жеткен.
Осы уақытқа дейін олардың тұрғын үйін жер учаскелерімен бірге тұрғындардың меншігіне берудің жолы қарастырылмаған. Осы айтылған жағдайдың барлығы тұрғындардың әлеуметтік наразылығын, билік органдарына деген сенімсіздігін жылдан-жылға күшейтіп келеді. Сондықтан да кешендегі тұрғын үйлердің бүгінгі күнгі нақты бағасын анықтау мақсатында жылжымайтын мүлікті бағалайтын арнайы комиссия құрып, апаттық жағдайдағы тұрғын үйге жөндеу жұмысын жасауға мүмкін емес үйлердің тұрғындарына жер учаскелерімен бірге жекеменшіктеріне беру жолын қарастыру керек. Сонда ғана бұл мәселе толыққанды шешімін таппақ.

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,
Сенат депутаты

21 ақпан, 13:41
Айзат Қадырәлиева: Тулақтан тұлпар шығарғыcы келеді
21 ақпан, 13:31
Әуелі іс, сөз содан кейін
21 ақпан, 13:24
Өз тілінде сөйлемейтін қазақты көргенде жабырқап қаламын!
21 ақпан, 12:11
Пияздан басқа дәнеңе де жоқ
20 ақпан, 15:28
Ұстаздар 300 000 000 теңге еңбекақыдан қағылды
14 ақпан, 16:11
Кезексіз микрофон, редактурасыз ұран
14 ақпан, 16:10
Әрбір минутын зерттеуіміз керек
14 ақпан, 16:08
Қазақ болайық!
Серіктестер жаңалықтары