jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Шетелдік нөмірлі көлік иелеріне не істеу керек?

14 қантар, 17:54
3789

Шетелдік нөмірлі көлік иелеріне не істеу керек?

Шектеулер “Жол қозғалысы” туралы заңда жазылған. Құжаттың 63-бабына сәйкес, “Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген, халықаралық жол жүрісіне қатысатын және Қазақстан Республикасына бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінетін механикалық көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында жасалған немесе Қазақстан Республикасына әкелінген, осы Заңда айқындалатын механикалық көлік құралдары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады”, деп хабарлайды kolesa.kz.

65-бапттың 2 тармағына сәйкес “Отыз тәулікке дейінгі үзілістермен бір жылдан астам Қазақстан Республикасының аумағында қалған көлік құралы халықаралық жол жүрісінде деп есептелмейді”.
Яғни, шетелдік нөмірмен Қазақстанда жүрген көлік 30 күн ел аумағында болмауы тиіс. Бұл – Қазақстан территориясына бір жыл бұрын кіргізіліп тіркелмеген көліктер заңсыз жүр деген сөз.

Шетелдік нөмірмен жүрген жерлестеріміздің үш жолы бар:

Барлық алым-салықтарды төлеп, көлікті заңдастыру.
көлік айып тұрағына шығарылғанға дейін 30 күнге шетелге шығып, көлікті қайта Қазақстанға кіргізу.
техникалық құралды шетелге апарып сату.
Естеріңізге сала кетсек, қазір Қазақстанда 200 мыңа жуық көлік шетелдік нөмірмен жүр.

17 қантар, 13:39
Сапасыз үйдің сауалы көп
17 қантар, 13:35
Ерте келген күз
17 қантар, 13:19
lexus мінген күн
17 қантар, 13:15
Күліп жүріп құртады
17 қантар, 13:10
Жастар ортаңқол мен ортақолды білмейді
17 қантар, 12:55
Өмір мектебінен өтсін
09 қантар, 17:35
Балалар да білуі тиіс
30 желтоқсан 2019, 19:18
Қазақтың алғашқы адвокаты