jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Шенеунік парамен ұсталды (видео)

14 қантар, 14:29
105

Шенеунік парамен ұсталды (видео)

Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Еңбек-Ақтөбе» филиалы директорының міндетін атқарушы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлайды.

«Еңбек-Ақтөбе» филиалы директорының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Ол Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы саябақты абаттандыруға бюджеттен ақша аудару кезінде жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкердің өкілінен 700 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді», — делінген хабарламада.
Күдікті кінәсін мойындады. Сондай-ақ, қорғаушысымен бірге келу туралы міндеттеме бергендіктен, процессуалдық ұстау шарасы қолданылған жоқ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @anticorruption.kz (@anticorruption.kazakhstan)

17 қантар, 13:39
Сапасыз үйдің сауалы көп
17 қантар, 13:35
Ерте келген күз
17 қантар, 13:19
lexus мінген күн
17 қантар, 13:15
Күліп жүріп құртады
17 қантар, 13:10
Жастар ортаңқол мен ортақолды білмейді
17 қантар, 12:55
Өмір мектебінен өтсін
09 қантар, 17:35
Балалар да білуі тиіс
30 желтоқсан 2019, 19:18
Қазақтың алғашқы адвокаты