jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Петропавлдық белсенділер балабақшалардағы қазақ топтарының жабылуына қарсы шықты

14 қантар, 14:49
10

Петропавлдық белсенділер балабақшалардағы қазақ топтарының жабылуына қарсы шықты

Петропавлда белсенді азаматтар мемлекеттік балабақшалардағы қазақ топтарының жабылуына қарсы шықты.

Бұл туралыі 31 арна хабарлады.

Өйткені сенімгерлік басқаруға алған кәсіпкерлердің бірі қазақ тобын жапқан дейді. Мектеп пен тіл мәселесін де көтерген ақсақалдар алқасы мен қоғам белсенділері бүгін «Нұр Отанға» жиналды.

Ақсақалдар алқасының мүшелері, қоғам белсенділері қазақ мектептерінің аздығына, мемлекеттік балабақшадағы қазақ тобының жабылуына қарсы. Мәселен, Петропавлдағы «Игрушка» балабақшасы жеке кәсіпкердің басқаруына беріліп, мекеме басшылығы ондағы қазақ тобын жауып тастапты.

«Қазақ тіліне сұраныс жоқ деп жаба берсе, не болады? Бұл бастамасы ғана», — деді қала тұрғыны Кұлшөт Ізтілеуова.

Ал, білім басқармасындағылар топтың жабылып қалғанын білмегенін айтып ақталды.

«Орталықта қазір Шәймерденов мектебі ғана қалды. Қалғандары шетте. Орталықтағылар балаларын қайда береді?», — деді ақсақалдар алқасының төрағасы Болат Сағындықов.

17 қантар, 13:39
Сапасыз үйдің сауалы көп
17 қантар, 13:35
Ерте келген күз
17 қантар, 13:19
lexus мінген күн
17 қантар, 13:15
Күліп жүріп құртады
17 қантар, 13:10
Жастар ортаңқол мен ортақолды білмейді
17 қантар, 12:55
Өмір мектебінен өтсін
09 қантар, 17:35
Балалар да білуі тиіс
30 желтоқсан 2019, 19:18
Қазақтың алғашқы адвокаты