jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Павлодарда жол бойы кино көріп келген автобус жүргізушісі жазаланды

14 қантар, 14:06
22

Павлодарда жол бойы кино көріп келген автобус жүргізушісі жазаланды

Павлодарда қоғамдық көлік жүргізушісі жол бойы кино көріп келді. Бұл сәтті жолаушылар желіге жариялады. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Желіге жарияланған суреттен жүргізушінің соғыс туралы фильм көріп отырғаны байқалады.

Жол ережесін бұзған жүргізушінің әрекетіне алаңдаған жолаушылар бұл жайлы үндемей қалмады.

«Әлеуметтік желінің Kolesa_pavlodara парақшасында 2020 жылдың 13 қаңтарында 003 маршруты бойынша жүретін мршруттық такси жүргізушісі көлік құралын жүргізіп келе жатып ұялы телефонды пайдаланғаны (фильм қарағаны) туралы пост жарияланды.
Осы факті бойынша полицейлер 64-жасар жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 591-бабы 1-бөлімі- көлік құралын жүргізу кезінде телефон пайдалану бойынша әкімшілік өндіріс қозғады. Жүргізушіге сомасы 13.255 теңге айыппұл салынды», — деді Павлодар облыстық жол полициясы.

29 мамыр, 14:00
Пышақ жалаңдатқан бала
29 мамыр, 13:50
Сиыр көп те, сүт аз
29 мамыр, 11:48
Сақшы бейнесі сайқымазақ емес
29 мамыр, 11:42
"Маска - шоу"
29 мамыр, 11:39
Оқулық оңбаса, дұрыс білім бола ма?
29 мамыр, 11:24
Делдалдан арылу
29 мамыр, 11:11
«Елім –айдан» - «...белім -айға» дейін...
22 мамыр, 11:04
"Теңізді" толқытқан бір тамшы вирус
Серіктестер жаңалықтары