jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Мүгедек қызды зорлаған туысы ұсталды

14 қантар, 15:26
660

Мүгедек қызды зорлаған туысы ұсталды

Ақтөбеде ІІ топ мүгедегін туысы зорлап келген.

«Немолчи» қоғамдық қорының өкілі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жәбірленушінің туыстары хабарласып, көмек сұрағанын жазды. «1966 жылы туған ер адам мүмкіндігі шектеулі туысының үйіне барып, оған қамқор болып, массаж жасауға көмектесіп жүрген. Ол осы жағдайды пайдаланады деп ешкім ойламаған. Жәбірленуші туабітті сал ауруына шалдыққан, құлағы естімейді. Деменция ауруымен есепте тұр, басқа да түрлі психикалық дерті бар. Бір күні анасы қызына туысының келгені ұнамайтынын, оны көрсе мазасы кететінін байқайды. Ым тілімен сөйлесе келе мән-жай белгілі болды. Кейін сурдоаудармашының көмегімен барлығы анықталды. Сот-медициналық сараптама кезінде де туысының іс-әрекеті нақтыланды. Ал туысы мұндай жағдай тек бір-ақ рет болғанын, қыздың өзі жабысқанын айтады», — деп жазды Дина Таңсәрі. Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, тергеу жұмыстары аяқталып, іс сотқа жіберілген.

Іс Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша қозғалған.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

 

29 мамыр, 14:00
Пышақ жалаңдатқан бала
29 мамыр, 13:50
Сиыр көп те, сүт аз
29 мамыр, 11:48
Сақшы бейнесі сайқымазақ емес
29 мамыр, 11:42
"Маска - шоу"
29 мамыр, 11:39
Оқулық оңбаса, дұрыс білім бола ма?
29 мамыр, 11:24
Делдалдан арылу
29 мамыр, 11:11
«Елім –айдан» - «...белім -айға» дейін...
22 мамыр, 11:04
"Теңізді" толқытқан бір тамшы вирус
Серіктестер жаңалықтары