jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Магистранттар туралы видеоны арнайы комиссия тексереді

14 қантар, 17:47
82

Магистранттар туралы видеоны арнайы комиссия тексереді

YouTube-тегі «БӘCE» арнасында көрсетілген 2019 жылдың қараша айында шетелде тағылымнан өтіп жатқан Әділет Академиясы магистранттарының іс-әрекеті туралы видеодағы фактілерді тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы zakon.kz ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Әділет академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы 2020 жылдың 13 қаңтарында YouTube желісінің «БӘСЕ» каналында жарияланған бейне материалды зерттеу мен тексеру бойынша комиссияның құрылғандығын хабарлайды. Комиссия тексеріс нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылдап, жұртшылықты хабардар етеді.» делінген хабарламада.
Сондай-ақ оқу жұмысы мен шетелде студенттердің тағылымнан өту процесін ұйымдастыруға жауапты бірқатар шенеуніктер қазіргі уақытта Академияда жұмыс істемейтіндігі де атап өтілген.

29 мамыр, 14:00
Пышақ жалаңдатқан бала
29 мамыр, 13:50
Сиыр көп те, сүт аз
29 мамыр, 11:48
Сақшы бейнесі сайқымазақ емес
29 мамыр, 11:42
"Маска - шоу"
29 мамыр, 11:39
Оқулық оңбаса, дұрыс білім бола ма?
29 мамыр, 11:24
Делдалдан арылу
29 мамыр, 11:11
«Елім –айдан» - «...белім -айға» дейін...
22 мамыр, 11:04
"Теңізді" толқытқан бір тамшы вирус
Серіктестер жаңалықтары