jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қазақстандықтардың валюта ауыстырған кезде есімдері тіркеледі

14 қантар, 17:21
9

Қазақстандықтардың валюта ауыстырған кезде есімдері тіркеледі

Ұлттық банктегілер Қазақстандағы шетел валютасын айырбастауға байланысты құрастырылған жаңа ереже жайлы пікір қозғады. Бұл ереже осы жылдың 1 ақпанынан бастап жүзеге асырылады.

Шетелдік валюта бағамы бойынша 500 000 теңгеге жетпейтін ақша сомасын айырбастағанда азаматтарды тіркеу журналына олардың аты-жөні, әкесінің аты және болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі жазылып алынады.

Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратовтың сөзінше, жеке деректерді тіркеу үдерісі оңайлатылған түрде іске асырылады. Егер сома 50 мың теңгегеден аспаса, ақша айырбастаушы тек жеке куәлігін көрсетсе болғаны.

«Бұл көптеген мемлекеттерде пайдаланылып келе жатқан тәжірибе. Бұл үдерісті автоматтандыруға назар аударғым келеді. Қазір нарқыта жеке куәлік құжатындағы чипті оқитын біраз құрылғылар бар. Мұндай құрылғының сатып алу-алмау кәсіпкердің өз құзырында: оның бағасы 10-16 мың теңгеден аспайды. 500 мың теңгеге жетпейтін ақша ауыстырған кездегі ережелер еш өзгеріске түскен жоқ», — дейді Қажымұратов.

Ал егер сома 500 мың теңгеден асып кеткен жағдайда, тіркеу журналында клиенттің аты-жөні, әкесінің аты, көрсетілген құжат (оның түрі, құжаттың берілген күні, нөмірі т.б. мәліметтер), ЖСН, клиенттің заңды мекен-жайы.

«Біз қоғаммен, бизнес-бірлестіктен мен мемлекеттік органдарммен біраз уақыт пікір алмасқанбыз. Олардың ойларының барлығы ескеріліп, айтылған пікірлерге байланысты жұмыстар атқарылды», — деп қосты департамент басшысы.

Stan.kz

29 мамыр, 14:00
Пышақ жалаңдатқан бала
29 мамыр, 13:50
Сиыр көп те, сүт аз
29 мамыр, 11:48
Сақшы бейнесі сайқымазақ емес
29 мамыр, 11:42
"Маска - шоу"
29 мамыр, 11:39
Оқулық оңбаса, дұрыс білім бола ма?
29 мамыр, 11:24
Делдалдан арылу
29 мамыр, 11:11
«Елім –айдан» - «...белім -айға» дейін...
22 мамыр, 11:04
"Теңізді" толқытқан бір тамшы вирус
Серіктестер жаңалықтары