jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Балалар да білуі тиіс

09 қантар, 17:35
287

Балалар да білуі тиіс

Ресей Федерациясының білім министрлігі Қоғамдық палатаның мектептерде киберқауіпсіздікке қатысты дәріс өткізу идеясын қолдады.
Қазір осы курс бойынша оқылатын дәрістерді өңдеу жүргізіліп жатыр. Ол оқушыларды ақпараттарды сұрыптай білуге, соның салдарынан болатын қауіп-қатердің алдын алуды үйретеді.
Жаңа білім стандарттары бекітілген соң, «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» деп аталатын бағдарламаға өзгерістер енгізілгелі жатыр, – деп хабарлайды «Известия» газеті.
Қоғамдық палата комиссиясының басшысы Елена Суторминаның айтуынша, 2019 жылы кибершабуылдың 638 дерегі тіркелген. Ол қоғамда үлкен дау тудырды. Олар балалар арасында кеңінен танымал «Вконтакте» және YouTube-ті насанаға алған.
Білімді дамыту институтының профессоры Ирина Абанкина қазір Ресей мектеп оқушылары арасында кибербуллинг кеңінен тараған он елдің қатарына кіреді. Сондай-ақ, сарапшылар балалар интернетте тап болатын
Өзге де қауіп-қатерлерді еске сала отырып, олардың алаяқтар мен педофилдердің құрбаны болуы да мүмкіндігін айтып отыр.

Балалар да білуі тиіс

Түрікмендерді тік тұрғызды

АҚШ-та түсірілген Netflix кинокомпаниясының «Бұлдыр алтылық» фильмі Түрікменстанда жергілікті билік өкілдерін аяғынан тік тұрғызды. Соған байланысты қазір тұрғындар арасында АҚШ-қа қарсы насихат жүргізіліп жатыр.
Бұл фильмдегі оқиғалар мен кейіпкерлер Түрікменстанды еске салады екен. Сондықтан ұлттық қауіпсіздік пен ішкі істер министрліктерінің қызметкерлері, прокуратура өкілдері мектептер мен мәдениет үйлерінде кездесулер ұйымдастыруда. «АҚШ біздің елді ойран ету үшін барлық әрекетті жасап жатыр. Олар халықтың наразылығын туғызу үшін барынша тырысуда» деген жұрт жаңа фильмнің прокатына қарсы тұруда.

Балалар да білуі тиіс

Дүрліктірген дерт

Қытайда әлемді дүрліктірген өкпе қабынуы дерті коронавирустың жаңа түрі екені анықталды. Алайда дәрігерлер вирустың адамнан адамға жұғатындығын жоққа шығарып отыр. Науқастар дертті тек хайуанаттар арқылы немесе шикі піскен теңіз өнімдерін жеу барысында жұқтырады.
Белгілі болғандай, елдің Ухань қаласында (Хубэй провинция) белгісіз өкпе дерті тез тарап жатқаны хабарланған еді. Желтоқсан айында 27 науқас тіркелсе, 5 қаңтарға дейін дәрігерлік көмекке 59 жүгінген. Алайда адам өлімі тіркелмеген.

Ақпарат Интернет көздерінен алынды

Бүгін, 10:17
Тоқаевтың үкімет отырысындағы сөзінің толық мәтіні
10 шiлде, 12:05
Ақпараттың ақмылтығы еді
06 шiлде, 11:22
Тағдыры талқан болғандар...
06 шiлде, 10:46
Ұйымдастыру жағы ақсап тұр
26 маусым, 11:43
Фейкпен күн көретін сайттар бар
26 маусым, 11:39
Қазақ басылымдары қайтсе көгереді?
26 маусым, 11:35
Сотқардың сазайын берген балуан
26 маусым, 11:29
Ұпайды бейнетсіз табу
Серіктестер жаңалықтары