jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Үш адам, үш тағдыр

19 желтоқсан 2019, 15:07
341

   Республикалық протездік-ортопедиялық орталық (РПОО) мүмкіндігі шектеулі адамдарға еркін жүріп-тұруға және тәуелсіз болуға көмектеседі. Бұл бүкіл Қазақстан халқына қызмет көрсететін саладағы жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады. Мамандандырылған көпбейінді кәсіпорын мүгедектерді және тірек-қимыл аппаратының патологиясы бар адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту көмек түріне қарай өтемдік (орнын толтыратын) құралдармен қамтамасыз етеді. Бүгінде орталықтың есебінде 45 000-нан аса мүмкіндігі шектеулі жандар бар және орталық жылына 30 000-нан аса арнайы бұйымдарды шығарады.

Бұл  ампутацияның және қозғалыс белсенділігінің, сондай-ақ түрлі жарақаттар мен тірек-қимыл аппараты ауруларынан кейінгі әртүрлі күрделілік деңгейлерімен барлық жастағы тұтынушыларға есептелген протездік-ортопедиялық өнімдердің кең ауқымды спектрі болып табылады. Бай тарихы мен қазіргі заманғы технологиялық жабдықтардан басқа, орталық өзінің басты әлеуетіне, атап айтқанда, республиканың протездік-ортопедиялық саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар бірегей ортопедтердің, механик-протезшілердің, инженер-технологтардың, жұмысшылар мен мамандардың білікті ұжымына ие. РПОО қызметкерлерінің жалпы саны 200-ден асады және олардың 13%-ы мүмкіндігі шектеулі адамдардың барлық проблемаларын өз басынан өткерген және сапалы және ыңғайлы протезді алу қаншалықты маңызды екенін білетін мүгедектігі бар мамандар болып табылады. Біздің тілшіміз РПОО-да болып, кәсіпорынның  жұмысымен іштей танысты. Бірақ бұл мақалада біз алдымен  оқырмандарымызды мүгедектігіне қарамастан, өз пациенттеріне өмірдің мағынасын жоғалтпауға көмектескен орталықтың керемет мамандары туралы айтқымыз келеді.

Үш адам, үш тағдыр

Мақсатты түрде таңдалған мамандық

Бүгінгі біздің әңгімеге арқау болатын үш кейіпкеріміздің тағдыры үш түрлі болғанымен,  оларды бір нәрсе, атап айтқанда өзгелерге қуаныш сыйлау ниеті біріктіреді. Менің алғашқы кейіпкерім – Республикалық протездік-ортопедиялық орталықтың вице-президенті Андрей Коржиков. Бұл мекемеде ол 36 жылдан бері еңбек етіп келеді және ол осы мамандықты 14 жасында аяғы кесілген кезден бастап таңдаған екен.

«Мен Алматыда дүниеге келдім және жастық шағым осында өтті. Басыма осы қиын жағдай түскен кезде Фрунзадағы политехникумда оқып жатқан едім, содан кейін мен, мүмкіндігі шектеулі адамдарға протездер жасап, көмектескім келеді деп шештім. Бірақ бұл мамандықты тек Ресейде меңгеруге болатын еді және мен осы туралы толық деректерді жинап, сол жаққа барып, бұл істі жете меңгере түсіп, майталман маман болдым. Ең бастысы, мен бұл мамандықты саналы түрде таңдадым және осы іспен әлі күнге дейін шын көңілмен айналысып келемін» — деді Андрей Коржиков.

Мен Андрейден  «Осы салада 36 жылдан бері жұмыс істеп келесіз. Сіздің ойыңызша, осы салада не жетіспейді  және бұл саланың дамуын жалғастыру үшін не істеуіміз керек деп ойлайсыз?»- деп сұрағанымда, ол бірден «Бұл саланы дамыту үшін кадрлар қажет» деп жауап берді..

«Мұндағы ең басты мәселе, елімізде осы саланы дамытатын және ол үшін кадрларды дайындайтын оқу орындардың жоқтығы. Осы салада көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан маман ретінде айтарым ең үлкен мәселе – мамандар мен мамандарды даярлау», — деді Андрей.

Протездеу саласында жұмыс істегісі келетін жастар осы орталыққа келіп, осы мамандықтың қыр-сырын үйренуде. Себебі, РПОО жыл сайын оларды біліктілігін арттыру үшін  халықаралық протездеу орталықтарына жібереді. Орталық базасында Ресей, Германия, Жапония және басқа елдердің халықаралық сарапшыларының қатысуымен оқыту семинарлары тұрақты түрде өтеді. Бұл семинарлардың мақсаты – тәжірибе алмасу, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және жаңа технологияларды зерделеу болып табылады. Мысалы, әлемдегі белгілі медициналық техниканы, материалдарды, жинақтаушы және протездік-ортопедиялық бұйымдарды өндіретін Otto Bock неміс компаниясы  орталықтың мамандары үшін ортопедия және протездеу саласындағы соңғы әзірлемелер негізінде бұйымдарды дайындау бойынша шеберлік-сыныптары мен семинарларды өткізеді.

Айта кететін жайт, КСРО-да протездерді жаппай жасау жолы алға қойылған шақта  Германияда жеке тәсіл таңдалды және ол сәтті шықты. Бірақ қазір біздің протезистеріміздің ресейлік әріптестері де жаңа технологиялар мен жеке тәсілді жете игерді. Биыл РПОО мамандары ресейлік «Моторика Сколкова» компаниясымен бірге «Антарес» (Ресей) компаниясының халықаралық мамандарының, сондай-ақ, электрондық басқару жүйесі бар жамбас протездерімен пациенттерді протездеу жөніндегі Nabtesco corp. жапон корпорациясының қатысуымен «Протездеудің заманауи технологиялары» тақырыбында оқу семинарынан өтті. Сонымен қатар, жақында қыркүйекте орталық мамандары мәскеулік «Метиз-Импекс» ЖШҚ ұйымдастырған «Протездеудегі жаңа технологиялар» атты оқу семинарына қатысты. Кадрларды дамыту тұрақты жүріп жатқанымен,  орталық басшылығы елдің медициналық жоғары оқу орындарында салаға жас мамандардың келуін қамтамасыз ететін мамандандырылған факультеттер ашылады деп үміттенеді.

Үш адам, үш тағдыр

Адамдарды аяғынан тік тұрғызғым келеді

Біздің екінші кейіпкеріміз – Арман Ибраев. Арман протездерді жасау цехында жұмыс істейді екен және мен оны тікелей жұмыс орнында тапсырыс беруші науқасқа протезді кигізіп тексеріп жатқан сәтінде кездестіріп қалдым. «Мен Теміртау қаласында дүниеге келдім, Қарағанды металлургия институтын механик мамандығы бойынша бітірдім. 1990 жылы өндірістік жарақат алып, аяғымды күйдіріп алдым. Жарақат ауыр болып, аяғымды тізеден төмен кесіп тастады. Жарты жыл үйде болдым. Содан соң автотұрақтың күзетшісі болып жұмысқа тұрдым. Аяғым қатты ауыра бастаған соң, Қашағандағы жұмысты қоя тұруға тура келді.  Петропавловск протездеу орталығында (ескертпе. «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ президенті) Петров Николай Николайұлымен  таныстым. Қашағаннан Теміртауға оралған кезде протезбен менде проблемалар болды. Алматыға келген кезде Николай Николаевичті қайта жолығып қалдым. Ол бұрын да маған осы орталықта жұмыс істеуді ұсынған болатын, бірақ мен бұл ұсынысты тек 2017 жылы қабылдадым. РПОО-да протездеу механигі болып қызметке орналасып, содан бері жаныма жақын жұмыс тапқандай болдым. Мен  басымнан протездеудің сан түрлі проблемасын өткергеннен кейін протездің адам үшін қаншалықты маңызды екенін  білемін. Отбасым мен екі ұлым бар. Мен бір салада ұзақ еңбек ете аламын, ол тек өз жұмысыңнан ләззат алсаңыз ғана мүмкін болады, менің жағдайым, қазір дәл солай. Мен өз ісімді жақсы көремін, себебі, жаны қиналған адамдарға қаншалықты қажетті қызмет көрсетіп жатқанымды жақсы түсінемін, сондықтан осы салада ұзақ жұмыс істейтін боламын. Қызметім көңілімнен шығады, себебі мен протезбен жүріп, қоғамның бөлігі болу дегенді жете түсінемін. Біздің орталыққа жүгінген адамдарға көмегімді көрсетіп, олардың өмірін жақсартуға себепші болғым келеді. Басымдағы қиындықтарға қарамастан олардың қиындықтарды жеңуіне бірден-бір үлес қосқым келеді. Себебі, олардың протезі қаншалықты ыңғайлы және жеңіл болса, өмірлері де соншалықты жеңіл болады деп санаймын. Мен протез арқылы болса да пациенттердің аяқтарына нық тұруына және олардың өз мақсаттарына жетуіне өз үлесімді  қосқанымды мақтан тұтамын.

Үш адам, үш тағдыр

Арманы көп адаммын

Үшінші кейіпкеріміздің есімі – Нұржан Нагиев,  ол орталықтың стационарлық бөлімінде ЕДШ нұсқаушысы болып жұмыс істейді.  РПОО барлық филиалдарында протездеу және ортездеу қызметтерін қажет ететін пациенттерді госпиталдау мүмкіндігімен оңалту орталықтары жұмыс істейді. Протездеу кезінде  пациенттер медициналық-әлеуметтік көмек пен қажетті оңалту шараларын қабылдай алатын медициналық стационарға жатқызылуы мүмкін. Нұржан бізді жұмыс орнында көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Нұржан – екінші топтағы мүгедек және оған туа бітті сүйектің қысқалығы диагнозы қойылған. «Мектепте де, ЖОО-да дені сау балалармен оқыдым. Мамандығым – суретші-гобеленші. Мен ЕДШ нұсқаушысы мамандығы бойынша екінші білімімді «Спорт және туризм академиясынан» алдым. Оқуды аяқтағаннан кейін мен балалар шипа-жайында жұмыс істеп, содан кейін осында келдім және жұмысым өзіме қатты ұнайды. Мен бақытты адаммын, себебі жаныма жақын мамандықтың иесімін. Алға қойған мақсаттарым да аз емес. Солардың бірі – өз отбасымды құрып, сауықтыру-оңалту орталығын ашу болып табылады. Өйткені, кенеттен қиын жағдайға тап болған адамдар депрессияға ұшырауы мүмкін. Оларға психологиялық көмек көрсететін орта керек және мен оларға өз тарихымды айтып беріп, көңілдеріне медеу болуға тырысамын». Нұржанның бес аға-әпкелері бар екен, ол ұлдардың ішіндегі ең кенжесі. «Барлық ағаларым мен апа-қарындастарымның дені сау. Көптеген материалдарды оқып отырып,  диагнозымның себептерін табуға тырыстым. Қазір зерделеп отырсам, іштегі бала денсаулығының дұрыс болмауына жүктілік кезінде ағзадағы кальцийдің жетіпеушілігі мен кейінгі стресс бірден-бір себеп болады екен.. Қазір мен арнайы ортопедиялық аяқ киім киіп жүрмін, себебі менің оң және сол аяғымның арасындағы айырмашылық 13 см. Тіпті арнайы киім тігуге тапсырыс беремін». Нұржанның жұмысына деген шынайы ниетін «Науқастарға қуаныш сыйлағым келеді және олардың қиындыққа мойымағанын қалаймын» деген сөздерінен дегенінен байқалып тұрды.

Кейде қол-аяғымыз сау бола тұра, өмірге ренжитін кездеріміз болады. Ал біздің кейіпкерлер өздерінің шектеулі мүмкіндіктеріне қарамастан, өзі сияқты жандарға жан жылуын сыйлап жүр.

 

Мақпал Ноғайбаева

фото автордан

jasqazaq.kz

21 ақпан, 13:41
Айзат Қадырәлиева: Тулақтан тұлпар шығарғыcы келеді
21 ақпан, 13:31
Әуелі іс, сөз содан кейін
21 ақпан, 13:24
Өз тілінде сөйлемейтін қазақты көргенде жабырқап қаламын!
21 ақпан, 12:11
Пияздан басқа дәнеңе де жоқ
20 ақпан, 15:28
Ұстаздар 300 000 000 теңге еңбекақыдан қағылды
14 ақпан, 16:11
Кезексіз микрофон, редактурасыз ұран
14 ақпан, 16:10
Әрбір минутын зерттеуіміз керек
14 ақпан, 16:08
Қазақ болайық!
Серіктестер жаңалықтары