jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Тұшпарадан сальмонелла табылды

02 желтоқсан, 22:04
22

Тұшпарадан сальмонелла табылды

Ақтауда тағам өнімдеріне тексеру жүргізу барысында «Прима говяжьи» тұшпарасынан сальмонелла табылды. Өнім тоқтатылды, материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.Бұл туралы  Маңғыстау облыстық өнім сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, қызмет көрсету бөлімі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Тексеру жүргізуге қала тұрғыны себеп болған. Ол өндірушілердің мерзімінен өтіп кеткен өнімдерді сататыны туралы шағым түсіріпті.
Осыдан кейін Басқарма мамандары азық-түлікті көтерме сақтау қоймасына «Ақтау Frost» ЖШС-на жоспардан тыс тексеру жүргізді.

«Тексеру барысында фактілер расталды. Тексеру кезінде кәсіпкердің өнімдерін қайта өңдеп, шығарылатын күнін өзгертетіні анықталды. Сондай-ақ, санитарлық эпидемиологиялық талаптар сақталмағаны да көрсетілді. ЖШС басшылығы инспекторға дератизация, дезинсекция және дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге келісімшарт ұсынбаған, өндірісті бақылау жүргізілмеген. Тексеру кезінде өнімге лабораториялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. «Прима говяжьи» тұшпарасынан сальмонелла анықталды. Барлық сауда өнімдерінен тұшпара алынып тасталынды», — дейді Департамент баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі тексеру барысында анықталған фактілер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің бұзылғанын да атап өтті. Кәсіпорынның нұсқауы орындалғаннан кейін, жоспардан тыс тағы тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді.

06 желтоқсан, 14:15
Ұшпаққа шығармайтын ойын
06 желтоқсан, 12:07
Жағдай жасағаннан ұтылмаймыз
06 желтоқсан, 11:55
Әкімдер шаршап жүр екен
29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...