jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Таразда алапат өрт болды (видео)

02 желтоқсан 2019, 13:43
370

Таразда алапат өрт болды (видео)

Бүгін түнде Тараздың Сәтбаев көшесінде ірі өрт болды. Тілсіз жаумен күресуге жүз шақты адам жұмылдырылды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

Түнгі сағат бірде қаланың өрт сөндіру қызметіне «Эврика» супермаркетінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті.

Екі қабатты ғимараттағы жалынмен күресуге 19 көлікпен 84 өрт сөндіруші аттанды.

Сол арада полиция қызметкерлері пайда болуы мүмкін басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ғимарат аумағын қоршауға алды. Коммуналдық қызметтер оқиға орнына су тартты.

Өрт сөндірушілер ғимараттың төбесіндегі ағаштан жасалған жабыны өртенгенін анықтады.

Тілсіз жауды ауыздықтауға екі жарым сағат уақыт кеткен. Осы уақыт ішінде жалын 1187 шаршы метрге таралып үлгерлді.

Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мамандар өрттің шығу себебін анықтайтын болады.

29 мамыр, 14:00
Пышақ жалаңдатқан бала
29 мамыр, 13:50
Сиыр көп те, сүт аз
29 мамыр, 11:48
Сақшы бейнесі сайқымазақ емес
29 мамыр, 11:42
"Маска - шоу"
29 мамыр, 11:39
Оқулық оңбаса, дұрыс білім бола ма?
29 мамыр, 11:24
Делдалдан арылу
29 мамыр, 11:11
«Елім –айдан» - «...белім -айға» дейін...
22 мамыр, 11:04
"Теңізді" толқытқан бір тамшы вирус
Серіктестер жаңалықтары