jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Орыс палуаны «Әлем барысы» атанды

02 желтоқсан, 17:48
358

Орыс палуаны «Әлем барысы» атанды

«Әлем барысы» әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Ақтық сында отандасымыз Айбек Нұғымаров Ресей палуаны Роман Бобиковке есе жіберді.

Есте болса, өткен жылғы «Әлем барысы» чемпионатында Ресей палуаны Роман Бобиков Грузия палуаны Гурам Тушишвили боз кілемге шықпағандықтан үшінші орын алған еді. Сол жылдың 23-24 маусымында Батумиде өткен қазақ күресінен бірінші Еуропа чемпионатында ол 100 келіден жоғары салмақ санатына бас жүлде алған болатын. Бұған дейін «Әлем барысы» әлем чемпионатының қола жүлде үшін белдесуде отандасымыз Мақсат Исағабылов өзбек палуаны Мухсин Хисамиддиновтен басым түскенін хабарлаған едік. «Әлем барысы» чемпионатының биылғы жүлде қоры 20 миллион теңге. Жеңімпаз атанған балуанға 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орын иегеріне 6 млн теңге және үшінші орын иегеріне 3 млн теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады. Ал, «Жеңіске деген жігері үшін» атанған спортшыға 1 млн теңге беріледі. Сондай-ақ, жылдағы дәстүрге сай жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады.

06 желтоқсан, 14:15
Ұшпаққа шығармайтын ойын
06 желтоқсан, 12:07
Жағдай жасағаннан ұтылмаймыз
06 желтоқсан, 11:55
Әкімдер шаршап жүр екен
29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...