jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Алматыметроқұрылыс» басшысы екі айға қамауға алынды

30 қараша, 13:38
24

«Алматыметроқұрылыс» басшысы екі айға қамауға алынды

«Алматыметроқұрылыс» компаниясының басшысы Қайрат Рейімов екі айға қамауға алынды. Енді оны кепілмен босатуға 25 млн теңге немесе осы сома көлемінде мүлік қоюы қажет. Алайда Рейімовтің өзі «сүттен ақ, судан тазамын» деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қайрат Рейімов, «Алматыметроқұрылыс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы:

— Менің түсінбегенім, не үшін күдікке іліндім? Соттың қаулысы маған әлі айтылған жоқ. Көріп тұрғандай, сот залында отырмын. Бұл кезекті заңбұзушылық.

Айта кетейік, «Алматыметроқұрылыс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Рейімов «алаяқтық жасады» деген күдікке ілінген. Дінмұхаммед Ыдырысов есімді бизнесмен «Алматыметроқұрылыстың» қаржылық жағдайын жақсартуға 1 жарым миллиард теңге ақша құйған. Енді кәсіпкер осы қаржыны «Рейімов иемденіп алды» деп арыз түсіріп отыр. Қолына кісен салынған азаматтың бұл іске қатысы бар-жоғы тергеуден кейін белгілі болмақ.

06 желтоқсан, 14:15
Ұшпаққа шығармайтын ойын
06 желтоқсан, 12:07
Жағдай жасағаннан ұтылмаймыз
06 желтоқсан, 11:55
Әкімдер шаршап жүр екен
29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...