jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Көпбалалы аналарға 2 пайыздық несие қашан беріледі?

29 қараша, 15:16
101

Көпбалалы аналарға 2 пайыздық несие қашан беріледі?

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жыл соңына дейін көпбалалы аналарға 2%-пен кредит берілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тұрмысы төмен отбасылар
Алматы қаласының әкімі жалпы шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау көлемін келер жылы 30 миллиард теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Биыл бұл көрсеткіш 4,5 миллиард теңге шамасында.

Осы орайда ол ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ тұрмысы төмен санаттағы азаматтар үшін әртүрлі форматтағы оқу курстары өткізілгенін атап өтті. ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ тұрмысы төмен санаттағы азаматтар үшін әртүрлі форматтағы оқу курстары өткізілгенін атап өтті.

«Қыркүйек айынан бастап мотивациялық курстарды ұйымдастырдық. Жыл соңына дейін 75 мың, ал 2020 жылы – 200 мың адам қамтылады. «Бастау Бизнес», «Жас Кәсіпкер», «Isker Ana» қалалық оқу бағдарламалары белсенді іске асырылуда. Қазірдің өзінде 2000-нан астам көп балалы аналар оқу курсынан өтті. Өз ісін ашу үшін 155 адамға грант, 77 адамға құрал-жабдық берілді», — деді әкім.

Көпбалалы аналарға 2%-пен кредит беріледі
Нәтижесінде 230-дан астам көпбалалы ана өз ісін бастаған.

«Жылдың соңына дейін көпбалалы аналарға 1000-нан астам грант және 150-ге жуық шағын несиені жылына 2% жеңілдікпен беруді жоспарлап отырмыз.

Бұл жұмыс алғашқы нәтижелерін де бере бастады. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10 айда 8,9%-ке өсіп, 190 мыңнан асты», — деп түйіндеді сөзін ол.

Шағын және орта бизнесті дамыту
Оның айтуынша, қалада шағын және орта бизнесті дамыту үшін «Алматы Бизнес 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік жаңа бағдарламасы әзірленіп, «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы құрылды.

«Қаланың 5 ауданында оның филиалдары жұмыс істейді. Мұнда бизнесмендер «бір терезе» қағидаты бойынша 525 мемлекеттік қызмет түрін ала алады. Бұл қызметтерді алу мерзімін біршама қысқартып, олардың қолжетімділігін арттырады»,- деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

06 желтоқсан, 14:15
Ұшпаққа шығармайтын ойын
06 желтоқсан, 12:07
Жағдай жасағаннан ұтылмаймыз
06 желтоқсан, 11:55
Әкімдер шаршап жүр екен
29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...