jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Атыңызға қанша телефон нөмірі тіркелгенін біліп жүріңіз

18 қазан, 16:51
2252

Атыңызға қанша телефон нөмірі тіркелгенін біліп жүріңіз

Бұдан былай қазақстандықтар өз атына қанша ұялы байланыс нөмірі тіркелгенін біле алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол үшін мына сілтемеге кіріп (rfs.gov.kz), өз ЖСН-іңізді жазсаңыз жеткілікті. Жүйе тіркелген нөмірлердің санын және қандай ұялы оператор екенін де көрсетіп береді. Егер абонент өзінің жеке сәйкестендіру нөміріне белгісіз телефон нөмірлерінің тіркелгенін анықтаған жағдайда Телекоммуникациялар комитеті белгісіз нөмірді жаптыруды ұсынады. «Бізге азаматтар өз атына белгісіз телефон нөмірінің тіркелгенін айтып жиі шағымданады. Сондықтан біз қазақстандықтарға өз атына тіркелген нөмірлердің санын тексеруді ұсынамыз, себебі сіз сол нөмірді пайдалану үшін жеке жауапкершілік аласыз» , — дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко .

06 желтоқсан, 14:15
Ұшпаққа шығармайтын ойын
06 желтоқсан, 12:07
Жағдай жасағаннан ұтылмаймыз
06 желтоқсан, 11:55
Әкімдер шаршап жүр екен
29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...