jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жамбылда 155 адам өз-өзіне қол жұмсаған

09 қазан, 10:31
26

Жамбылда 155 адам өз-өзіне қол жұмсаған
Жамбыл облысында жыл басынан бері 155 адам өз-өзіне қол жұмсап, өмірмен қош айтысқан. 

Суицидке барған 155 адамның 9-ы балалар. Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек қайғылы оқиғалар негізінен Шу, Сарысу, Жамбыл аудандарында тіркелген. Сонымен бірге олардың қатарында үш колледж студенті бар. Мамандардың айтуынша, мұндай қадамға көбінесе 15 пен 17 жас аралығындағы жеткіншектер барады екен. Соңғы үш жылда облыстағы 26 жеткіншек осындай жолмен бақиға аттанған. «Жеткіншектердің суицидке баруының себептерін анықтаған кезде ішкі істер органдарына 80 пайызы белгісіз болып танылған. Ал қалған 20 пайызы ата-анасына, ақшаға байланысты, сондай-ақ, жақсы көретін адамына деген реніш салдарынан болғандығы анықталған»,- деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлзира Дәрібаева.

 ҚазАқпарат

11 қазан, 12:50
Нәрестенің наласы
04 қазан, 12:24
Күрделі күрмеу
27 қыркүйек, 12:12
Мәдениетсіз білім қауіпті
27 қыркүйек, 12:06
Мал арзанға кетіп жатыр
20 қыркүйек, 13:06
Өкінбейтініміз өкінішті
20 қыркүйек, 10:35
Көрерменді адастырмаңдар!
13 қыркүйек, 14:24
Айман Омарова, адвокат: Ең бастысы –диалог
13 қыркүйек, 14:10
Қармақ емес, балық сұрайды