jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Эйр Астана» алғашқы алыс магистральды Airbus A321LR лайнерін таныстырды

09 қазан, 13:04
182

«Эйр Астана» алғашқы алыс магистральды Airbus A321LR лайнерін таныстырды

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының аумағында «Эйр Астана» әуекомпаниясының авиациялық-техникалық орталығында жаңа A321LR ұшағының тұсаукесері өтті.

#airbusA321neo

Әуекомпаниясы ТМД-да осы типтегі ұшақтардың алғашқы пайдаланушысы болды. «Эйр Астана» операциялық лизингке барлығы жеті А321LR ұшағына тапсырыс берді, олар Гамбургтегі (Германия) Airbus зауытынан тікелей жеткізіледі.

«Эйр Астана» алғашқы алыс магистральды Airbus A321LR лайнерін таныстырды

Жаңа әуелайнерлер «Эйр Астана» паркіндегі 2003 жылдан бастап пайдаланымдағы Boeing -757 ұшақтарын кезең-кезеңімен ауыстырады. Қазіргі уақытта тасымалдаушы ұшақтардың орташа жасы 7,1 жыл құрайды, бұл авиапаркті саладағы ең жас авиапарктердің бірі етеді.

«A321LR сатып алу – «Эйр Астананың» дамуындағы маңызды қадам. Бүгінгі күні әуелайнер тар фюзеляжды ұшақтар әлемінде ең технологиялық және үнемді әуелайнерлердің бірі болып табылады, — деп атап өтті «Эйр Астана» президенті Питер Фостер, — Жоғары сапалы, бизнес-класта толық жазылатын креслолар мен эконом-кластағы эргономикалық креслолар жолаушыларға Батыс Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Мәскеу, Дубай, Ыстамбұл мен Пекинге ұшатын рейстерде жоғары жайлылықпен саяхаттауға мүмкіндік береді», — деп қосты Фостер мырза.

«Эйр Астана» алғашқы алыс магистральды Airbus A321LR лайнерін таныстырды

Pratt&Whitney-ден заманауи қозғалтқыштармен жабдықталған A321LR әуе кемесі жақсартылған техникалық сипаттамаларға ие. Алдыңғы буындағы Airbus ұшақтарымен салыстырғанда A321LR отын шығыны 20% аз, техникалық қызмет көрсету шығындары 5%, атмосфераға көміртекті шығарындылар көлемі — 20%, ал дыбыстық із деңгейі — 50% төмен.

A321LR жетілдірілген техникалық сипаттамалары мен эргономикалылығы әуе тасымалын бұдан да қауіпсіз, үнемді және жайлы етеді. Бұл әуекомпаниясының қоршаған ортаны қорғау және ұшулардың қолжетімдігін арттыру саласындағы құндылықтарына жауап береді.

«Эйр Астана» алғашқы алыс магистральды Airbus A321LR лайнерін таныстырды

Жаңа ұшақтың тұсаукесері аясында «Эйр Астана» Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне 7,750,000 теңге мөлшерінде қайырымдылық көмек бөлді. Қаражат Қазақстанда паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту мен ілгерілетуге және қазақстандық паралимпиадашыларды халықаралық спорт іс-шараларына қатысу үшін дайындауға бағытталды.

«Эйр Астана» алғашқы алыс магистральды Airbus A321LR лайнерін таныстырды

А321LR – ұлғайтылған ең жоғары ұшу салмағымен, сондай-ақ фюзеляждің оңтайландырылған құрылымымен A321neo-нің алыс магистральды нұсқасы. Ұшақ екі класты жинақта ұсынылды: бизнес-класс 16 орынға, эконом-класс – 150 орынға есептелген. Осылайша, «Эйр Астана» паркінде Airbus тобындағы 19 ұшақ бар: сегіз А320 және төрт А321, үш А320neo, үш А321neo және бір A321LR.

«Эйр Астана» алғашқы алыс магистральды Airbus A321LR лайнерін таныстырды

«Эйр Астана» «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (51%) мен BAE Systems (49%) бірлескен кәсіпорны болып табылады. Әуекомпаниясы 2002 жылдың 15 мамырында тұрақты ұшуларды бастады. Бағыттық желі 60 астам халықаралық және ішкі рейстерді қамтиды. Әуе флоты Boeing 767/757, Airbus 320/А320neo, A321/A321neo, А321LR және Embraer E190/E190-E2 38 ұшағынан тұрады.

«Эйр Астана» – Skytrax сыйлығының «Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания» номинациясының сегіз дүркін лауреаты, 2018 және 2019 жж. «Өңірлік Азиялық тасымалдаушы» номинациясында TripAdvisor «Travellers’ Choice Awards» сыйлығының иегері. 2018 және 2019 жж. «Ірі өңірлік әуекомпаниялар» номинациясында АРЕХ рейтингінде 5 жұлдыз иегері.

 

11 қазан, 12:50
Нәрестенің наласы
04 қазан, 12:24
Күрделі күрмеу
27 қыркүйек, 12:12
Мәдениетсіз білім қауіпті
27 қыркүйек, 12:06
Мал арзанға кетіп жатыр
20 қыркүйек, 13:06
Өкінбейтініміз өкінішті
20 қыркүйек, 10:35
Көрерменді адастырмаңдар!
13 қыркүйек, 14:24
Айман Омарова, адвокат: Ең бастысы –диалог
13 қыркүйек, 14:10
Қармақ емес, балық сұрайды