jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Балалары Нұр-Сұлтанда жоғары оқу орындарында білім алғанын қалайды

09 қазан, 14:46
43

Балалары Нұр-Сұлтанда жоғары оқу орындарында білім алғанын қалайды

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев өңір тұрғындарының Елордаға қоныс аударуы мәселесіне қатысты пікір білдірді.

«Әрбір адам елордада тұруға қызығушылық танытады, сондай-ақ көбісі өз балаларының Нұр-Сұлтандағы жоғары оқу орындарында білім алғанын қалайды. Бұл тұрғыда тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, себебі Нұр-Сұлтан қаласының мүмкіндігі шексіз емес қой. Бұл тұрғыда шаһардың өзіндік қуаты мен қажеттілігі бар», — деді Б. Сапарбаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып. Үкімет басшысының орынбасары бұл мәселеде тұрғын үймен, балабақшамен және мектеппен қамтамасыз ету шаралары екенін атап өтті. «Біз тыйым сала алмаймыз, алайда қай жерде тиісті жағдай жасалғандығы туралы түсіндіру шаралары жүргізілуі керек. Жұмыссыз және баспанасыз елордада өмір сүру қиынға түседі», — деді Б. Сапарбаев. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде өңірлерде өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша тиісті бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мәселен, Елбасының тапсырмасына сәйкес әзірленген «Ауыл – ел бесігі» арнайы бағдарламасы бар. «Осы бағдарламаның негізінде инфрақұрылым құрылуда. Бұл тұрғыда тиісті жағдай жасау үшін 3 мыңға жуық елді мекен айқындалды», — деді Үкімет басшысының орынбасары. Еске салсақ, кеше Президенттің қатысуымен өткен жиында елорда әкімі Алтай Көлгінов қала халқының саны тұрақты өсіп келе жатқаны туралы айтқан еді.

 ҚазАқпарат

11 қазан, 12:50
Нәрестенің наласы
04 қазан, 12:24
Күрделі күрмеу
27 қыркүйек, 12:12
Мәдениетсіз білім қауіпті
27 қыркүйек, 12:06
Мал арзанға кетіп жатыр
20 қыркүйек, 13:06
Өкінбейтініміз өкінішті
20 қыркүйек, 10:35
Көрерменді адастырмаңдар!
13 қыркүйек, 14:24
Айман Омарова, адвокат: Ең бастысы –диалог
13 қыркүйек, 14:10
Қармақ емес, балық сұрайды