jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Оқушы сынып терезесінен құлап кетті

11 қыркүйек, 15:44
46

Оқушы сынып терезесінен құлап кетті

Алматыдағы №80 мектептің оқушысы екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бала жедел ауруханаға жеткізіліп, қазір травматология бөлімінде жатыр деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, оқушы жедел жәрдем бригадасымен хирургия бөліміне шұғыл жеткізілген.

Оған біріккен жарақат, жабық бас-ми жарақаты, кеуде және құрсақ қуысының жарақаты диагнозы қойылған.

Сонымен қатар, баланың екі жағынан да төменгі білек сүйегі сүйекқабы сынған. Оқушы бастапқы кезде жансақтау бөліміне жатқызылса, қазіргі таңда травматология бөліміне ауыстырылды.

Мамандар оқушының жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Zakon.kz басылымының хабарлауынша, бала сыныпта жалғыз қалған. Мұғалім есікті жапқан кезде оны байқамай қалған.

Оқушы қорыққанынан терезеден секіріп кеткен.

13 қыркүйек, 14:10
Қармақ емес, балық сұрайды
13 қыркүйек, 11:19
Мәдениетіміздің өлшемі (видео)
06 қыркүйек, 12:40
Ең бастысы – қоғамда әділдік орнату
06 қыркүйек, 12:14
Абайтанушы ғалым эстафетаны жалғады (видео)
26 тамыз, 15:22
Қайсар қыз, Әнел!
23 тамыз, 11:53
Мұнайшы да болып көрдік
22 тамыз, 20:35
Оқушы киімі қанша тұрады?
16 тамыз, 13:26
"Бой түзейтіндер мен ой түзейтіндер бұққан заман"