jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Мектеп терезесінен құлаған оқушы туралы жаңа дерек

11 қыркүйек, 16:52
160

Мектеп терезесінен құлаған оқушы туралы жаңа дерек
Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова мектеп терезесінен құлап кеткен оқушы туралы айтты. 
«Бұл оқыс оқиға кеше болды. Біз тексеру жұмыстарын жүргіздік. Бұл жерде сабақ өткізіп жатқан мұғалім кінәлі. Қазақ тілі сабағы екі топқа бөлініп оқытылады. Сабақ аяқталған соң мұғалім, оқушыларды сынып жетекшісіне тапсыруға міндетті. Мұғалім сыныптан шығарда балаларды санамаған. Бала партаның астына тығылып қалыпты. Мұғалім сыныпты сыртынан жауып шығып кеткен. Ал сыныпта жалғыз қалған бала қорқып, терезеден секірген»,  – дейді Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова. Қалалық білім басқармасының басшысы, бұл оқиғадан соң мектеп директорына сөгіс жарияланғанын айтты. «Бұл мәселе біздің бақылауымызда болады. Ата-аналар балаларын бізге сеніп тапсырады. Бала мектепте болғанда, оның қауіпсіздігіне мектеп жауап береді. Бүгін мен мектеп директорына сөгіс жарияладым. Оқышылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, директордың бірінші функционалды міндеті»,-деп атап өтті басқарма басшысы. Өз кезегінде, мектеп директоры сынып жетекшісі мен қазақ тілі пәнінің мұғаліміне сөгіс берді. Бұғанға дейін, мектеп терезесінен секіріп кеткен бірінші сынып оқушысының денсаулығы туралы дәрігерлер айтқан болатын.

ҚазАқпарат 

29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...
15 қараша, 18:07
Автобустың әлегі
15 қараша, 18:01
Ұн қымбат, ет тапшы
12 қараша, 12:27
Мақау кісінің мұңы