jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Мектеп директоры пара алды деп айыпталуда (видео)

11 қыркүйек, 12:28
575

Мектеп директоры пара алды деп айыпталуда (видео)

Түркістан облысында қорғаныс істері және білім беру саласындағы бірқатар шенеуніктер пара алды деген күдікке ілікті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Облыстық қорғаныс істері департаментінің Отырар ауданы бойынша тобының бастығы әшкереленді. Күдікті ҚР Қарулы Күштерінде қызмет ету мерзімін кешіктіру үшін 80 мың теңге пара алған. Жетісай ауданы №15 орта мектебінің директоры еңбек шартын ұзарту үшін 200 мың теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке іліккен. Еден жуушы ретінде жұмысқа қабылдау үшін 150 мың теңге пара алды деген күдікпен Мақтаарал ауданы №34 мектебінің директорына қатысты тергеу басталды. Жоғарыдағы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...
15 қараша, 18:07
Автобустың әлегі
15 қараша, 18:01
Ұн қымбат, ет тапшы
12 қараша, 12:27
Мақау кісінің мұңы