jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Мәжілісте балалардың қауіпсіздігіне қатысты мәселе көтерілді

11 қыркүйек, 14:15
28

Мәжілісте балалардың қауіпсіздігіне қатысты мәселе көтерілді
Елімізде балаларды көлікпен тасымалдаған кезде қауіпсіздік ережелері сақталмайды.

Бұл туралы Паламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтың атына жолдаған сауалында депутат Артур Платонов мәлім етті. Балалардың көпқабатты үйлердің терезесінен құлауы оқиғалары жиілеп бара жатқанына тоқталған А. Платонов, 2017 жылы — 82 бала, 2018 жылы – 59, ал 2019 жылы 75 бала құлағанын жеткізді. «Негізгі себеп — ата-аналар тарапынан тиісті бақылаудың болмауы», — деді депутат. Сонымен қатар ол жеткіншектердің суға кетуі мен иіс тиіп улануы фактілері ерекше алаңдатанын атап өтті. Бұдан бөлек Артур Платонов 12 жасқа дейінгі балалардың автокөліктің алдыңғы орындығында отыруы қауіптілігіне байланысты пікір білдірді. «Жол-көлік оқиғасы жағдайында әрі автомобильдің қауіпсіздік жастықшасының іске қосылуы кезінде оның соққысы кішкентай бала үшін ауыр болатыны айтпаса да түсінікті. Жалпы, жоғарыда айтқандарды ескере отырып, балалардың мерт болуы мен олардың денсаулығына зиян келтіру фактілері азаймай тұр. Бұл өз кезегінде ата-аналар мен өкілетті меморгандардың жауапсыздығын байқатады», — деді ол. Осы орайда депутат қалыптасқан жағдайдың себептерін қарастыру мен талдау бойынша арнайы комиссия құруды ұсынды.

 ҚазАқпарат 

13 қыркүйек, 14:10
Қармақ емес, балық сұрайды
13 қыркүйек, 11:19
Мәдениетіміздің өлшемі (видео)
06 қыркүйек, 12:40
Ең бастысы – қоғамда әділдік орнату
06 қыркүйек, 12:14
Абайтанушы ғалым эстафетаны жалғады (видео)
26 тамыз, 15:22
Қайсар қыз, Әнел!
23 тамыз, 11:53
Мұнайшы да болып көрдік
22 тамыз, 20:35
Оқушы киімі қанша тұрады?
16 тамыз, 13:26
"Бой түзейтіндер мен ой түзейтіндер бұққан заман"