jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматыда жалған полицей ұсталды

11 қыркүйек, 18:11
179

Алматыда жалған полицей ұсталды

Алматыда өзін ішкі істер органдарының қызметкерімін деп таныстырған, алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқ Алматының 33 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Ж. деген әйелден баласына қатысты сотқа дейінгі тергеуді тоқтату үшін 1 миллион теңге сұраған. «Бұл әйелдің ұлына күдікті ретінде қылмыстық іс қозағалып, тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы алаяқ таныстары арқылы білген. Ол біреудің басына түскен жағдайды өз пайдасына шешпек болған. Күдіктінің анасына қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Алаяқ әйелге баласын қылымыстық жауапкершіліктен құтқаруға болатынын айтып сендірген. Бұл қызметі үшін ол әйелден қомақты қаржы талап еткен », — дейді Алматы қалалық ПД Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Айдын Қабдулдинов. Бейтаныс адамнан күдіктенген әйел дереу Алматы қалалық ПД ішкі қауіпсіздік басқармасына арыз түсірді. Ақпаратты тексергеннен кейін оның ішкі істер органдарының қызметкері емес екені анықталды. «Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚРҚК 190 бабы «алаяқ» бойынша тіркелді. Күдікті Ж. қатысты полиция қызметкерлері жедел және арнайы іс-шаралар өткізді. Ақша алу фактісі қаладағы дәмханалардың бірінде тіркелді. 990 мың теңге көлемінде ақша алған күдікті қылмыс үстінде ұсталды», — деді Қабдулдинов.

13 қыркүйек, 14:10
Қармақ емес, балық сұрайды
13 қыркүйек, 11:19
Мәдениетіміздің өлшемі (видео)
06 қыркүйек, 12:40
Ең бастысы – қоғамда әділдік орнату
06 қыркүйек, 12:14
Абайтанушы ғалым эстафетаны жалғады (видео)
26 тамыз, 15:22
Қайсар қыз, Әнел!
23 тамыз, 11:53
Мұнайшы да болып көрдік
22 тамыз, 20:35
Оқушы киімі қанша тұрады?
16 тамыз, 13:26
"Бой түзейтіндер мен ой түзейтіндер бұққан заман"