jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Байлардың үйін тонаудың шебері болған (видео)

09 қыркүйек, 17:32
105

Байлардың үйін тонаудың шебері болған (видео)

АҚШ тұрғыны бес жыл бойы мереке сайын Флорида штатынан Нью-Йорк қаласына келіп, байлардың үйін тонап, 400 мың долларға бағаланған әшекей-бұйымдарды алып кеткен, — деп хабарлайды CNN.

82 жастағы Сэмуэл Сабатино (Samuel Sabatino) үй күзетшілеріне байдың туысымын деп таныстыратын болған. Егер ер адамды тоқтатқан жағдайда, ол үймен қателесіп, кетіп қалатын болған. Қылмыскер үйде адамдардың бар-жоғын есік алдындағы жиналып қалған газеттер мен хаттардың жиынтығынан анықтайтын болған. Үйге кіріп, қымбат сағаттар, неке сақиналарын, бриллианттар мен алтынды жымқырып отырған. Полиция мәліметінше, 2019 жылдың өзінде америкалық үш үйден 100 мың долларға бағаланатын әшекей-бұйымдарды ұрлаған. Сабатино тамыз айының соңында Нью-Йоркте ұсталған. Оған үйді бұзып кіру, аса ірі көлемде ұрлық жасады деген айып тағылған. Полициядағылар оны «мерекелік ұры» деп атап кеткен. Себебі ол Тәуелсіздік күні, Еске алу күні және Еңбек күні қылмысқа баратын болған. 2001 жылдары Саббатино осындай қылмыс үшін жауапкершілікке тартылған.

tengrinews.kz

13 қыркүйек, 14:10
Қармақ емес, балық сұрайды
13 қыркүйек, 11:19
Мәдениетіміздің өлшемі (видео)
06 қыркүйек, 12:40
Ең бастысы – қоғамда әділдік орнату
06 қыркүйек, 12:14
Абайтанушы ғалым эстафетаны жалғады (видео)
26 тамыз, 15:22
Қайсар қыз, Әнел!
23 тамыз, 11:53
Мұнайшы да болып көрдік
22 тамыз, 20:35
Оқушы киімі қанша тұрады?
16 тамыз, 13:26
"Бой түзейтіндер мен ой түзейтіндер бұққан заман"