jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қырғызстанда дау туғызған қызғылт пакет (видео)

14 тамыз, 11:39
1004

Қырғызстанда дау туғызған қызғылт пакет (видео)
Қырғыстанның бұрынғы президенті резиденциясында Атамбаев билікке берілуге келіскен кезде, Курсан Асанов пен Алмазбек Атамбаев ортасында жатқан қызғылт пакет әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр

Қолданушылар ішкі істер министрінің орынбасары Курсан Асанов келіссөздер кезінде ақша, алтын және гауһар тастар салынған пакетті алып алды деген видеолар таратып жатыр. Аноним видео авторларының айтуынша, Курсан Асанов келіссөздер барысында пакетті тергеушілерге заттай дәлел ретінде берудің орнына, өзіне қалдырған. ҚСДП төрағасының орынбасары Кундуз Жолдубаеваның қорғаушысы Замир Жоошев пакет бастапқыдан Алмазбек Атамбаевтың заңгері Сергей Слесаревке тиесілі екенін айтты. «8 тамызда бұрынғы президент Кундуз Жолдубаевадан құжаттар бар пакетті адвокатқа тапсыруын сұрады. Онда ақша мен бағалы заттар мүлде жоқ еді.

Онда Алмазбек Атамбаевты қылмыстық істер шеңберінде қорғау үшін қажетті құжаттар болған. 8 тамызда үйден шыққан кезде, пакетті Атамбаевтың оққағары алған. Содан кейін ол ҰҚК аумағында болды, өйткені Атамбаев сол жерге жеткізілген, оның жанында Кундуз Жолдубаева мен мемлекеттік күзет болған. Алмазбек Атамбаев ҰҚК қабырғасында қалды, ал Кундуз бен күзетшіні ІІМ ғимаратына жеткізілді», — деп жазды Замир Жоошев. Еске салсақ, мұның алдында Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев кісі өлтіргені және басқа да аса ауыр қылмыстары үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған болатын. Мемлекттік ұлттық қауіпсіздік көмитетінің басшысы Алмазбек Атамбаевқа мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалды деген айып таққан. МҰҚК төрағасы Орозбек Опумбаевтың айтуынша, Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастары адамдарға, әсіресе әйелдер мен қарттарға ақша беріп жанында ұстаған. «Ол мемлекеттік төңкеріске дайындалғанын ашық мәлімдеймін. Атамбаев шақыртуға келмейтінін айтқанда, мен «Альфа» арнайы жасағын пайдалану туралы шешім қабылдадым», — деді ол.

tengrinews.kz

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!